Chania
389
19.03.2020
Мейірімділік вирустан күшті

Қазақстан халқы Ассамблеясы Еріктілер қозғалысы орталығының еріктілері қалалық емханалардың көмекшілеріне айналды.

Медициналық мекемелердің өкілдері еріктілерге Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен зейнеткерлерге тегін дәрі-дәрмек тарату жөнінде ұсыныс тастады.

- Бізге № 4 емхананың өкілдері  қоңырау шалып, мұқтаж жандарға дәрі-дәрмек  таратуымызды сұрады. Біз келістік, себебі елімізде және бүкіл әлемде коронавирустың жайылуымен байланысты келеңсіз жағдай орын алуда. Халыққа көмегіміз ауадай қажет болған кезде біз қарап отыра алмаймыз. Медицина қызметкерлерінің дәрі-дәрмектерді таратуға уақыты жетіспейді, ал емделушілер карантин аясында енгізілген шектеулерге байланысты емханаға бара алмайды. Біз, медициналық маска  киіп, бүгін он мекенжай бойынша дәрі-дәрмек жеткіздік. Біз өз жұмысымызды ертең де жалғастырамыз, басқа емханаларға  көмектесеміз, - деді Қазақстан халқы Ассамблеясы Еріктілер қозғалысы орталығының төрайымы Анастасия Пушкарева.