2019 жылдың 19 наруызында Нұрсұлтан Назарбаев президенттік өкілеттігін тоқтатқан болатын. Біздің барлық жетістіктеріміз Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен байланысты. Елбасы қиын-қыстау кезеңде мемлекетті басқарып, барлық қиыншылықтан алып шығып, өркенді дамуға жеткізген. Елбасының қызметі туралы бірталай жарияланымдар жарық көрді, кітаптар басылып шықты, көрермендердің назарына деректі және көркем фильмдер ұсынылды.
Елбасы – дара тұлға, ол өзінің бойына туа біткен қасиетінің арқасында өз айналасына адамдарды топтастыра алады.
Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында Қазақстанның жарқын жетістіктері әлемдік деңгейде мойындалып, бағаланады. Тұңғыш Президентті «Ұлт көшбасшысы» деп атайды, бұл жай ғана атақ емес, халықтың Елбасының ерен еңбегіне деген құрметі.
Біз, Қазақстан жастары-тәуелсіз елде өмірге келген өрендер, біздің білім алып, жұмыс жасауымызға, шығармашылықпен айналысуға берілген мүмкіндіктер үшін Елбасымызға алғыс білдіреміз.
Біз, Қазақстанның парасатты жастары, өз кезегімізде көпұлтты мемлекетімізді дамыту, өркендету жолында аянып қалмаймыз.