Chania
383
13.03.2020
Оралмандардың жағдайы назарға алынды

«Экономикалық зерттеулер институты» АҚ-ның әлеуметтік зерттеуі аясында Қостанай облысында оралмандарды қолдауға бағытталған іс-шаралар өткізілді. Зерттеу жұмысына қоныс аударушылар мен оралмандардың істерімен айналысатын жергілікті атқарушы органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Дөңгелек үстел барысында оралмандар мен қоныс аударушылардың көші-қоны, бейімделу жағдайы, жұмыспен қамтылуы және кәсіпкерлікпен айналысу мүмкіндігі сынды мәселелер қарастырылып, халықты толғантатын сұрақтарға жауап қайтарылды.  Мұндай дөңгелек үстелдер облыс орталығында, шағын қалада және аймақтың екі ауылында өткізілді.