Chania
442
03.02.2020
Бітімгерлік – биік миссия

Облыстық Достық Үйінде облыстық Медиация кеңесінің отырысы өтті

Іс-шара барысында өткен жылғы жұмыс қорытындыланып, болашаққа жоспар құрылды. Медиация кеңесінің төрағасы Сергей Ботатырев 2019 жылы медиаторлардың арқасында 146 дау-дамайдың шешілгендігін хабарлады.

«Бүгінгі таңда сот төрешілері бітімгершілік келісімдер жасай алады, ал бұл жағдай кәсіби медиацияның беделін түсіреді. Сот төрешісі сауатты болса да, өз ісінің шебері болса да, ол сот төрешісі болып қала береді, медиатор болмайды. Мектептік медиацияны да дамытуға көңіл бөлу қажет. Қазақстан халқы Ассамблеясы қолдауының арқасында ғана  қоғамдық медиаторлардың жұмысы  іске асып, оң нәтиже беруде, бұл қуантарлық жайт», -  дейді кеңес төрағасы.

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ (Достық Үйі) мектептік медиация саласында айтарлықтай жұмыс атқарады. Медиация кеңесі 2 жыл қатарынан «Мектептік медиация және халықтық дипломатия» атты әлеуметтік маңызға ие жобаны жүзеге асыруда. Жобаның мақсаты – білім алушыларға медиация негіздерін меңгерту және дау-дамайлардың реттелу жолдарын таныстыру.

«Біз биыл  әлеуметтік-маңызды жоба аясында мектептік медиация қызметінің жұмысын бастағалы отырмыз. Құрылымның жұмысы мекеменің білім-тәрбие  процесімен тығыз байланысты болмақ,  сонымен қатар, оқушылар үшін қауіпсіз оқу кеңістігінің құрылуына ықпал етіп, дау-дамайлардың алдын алуға, жасөспірімдерге нақты көмек көрсетуге және қолдауға бағытталады», - дейді Сергей Богатырев.  

Іс-шара соңына қарай облыстық Медиация кеңесінің төрағасы ақпан айында мектептердегі әлеуметтік педагогтар мен ата-аналар комитетінің белсенділеріне арналған екі күндік оқыту семинар-тренингі (тегін) ұйымдастырылатындығын хабарлады.

 

Құрметпен
«Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ