Chania
458
15.01.2020
Башқұрт тіл мектебі алғашқы түлектерін шығарды

Бүгінгі таңда 11 адамға сертификат табысталды. Башқұрт тіл мектебі жаңадан құрылған құрылым, ол өз қызметін  2019 жылы бастады. «Дуслык» татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің белсенді мүшесі Яна Федорович туған тілін меңгеруді армандапты.

«Мен башқұрт әулетінде туылдым. Туған тілімді білемін, бірақ білімімді жетілдіргім келді. Ұстазым Дик Фирдаус Бахтияровнаның арқасында башқұрт тілінде еркін сөйлеп, ойымды жеткізуді үйрендім, грамматиканың қыр-сырымен таныстым, жаңа сөз тіркестерін үйрендім», - дейді тіл үйренуші.

Башқұрт тілін үйренуге ниетті жандар үшін Достық Үйінің есігі ашық.  Мектепке қабылдау өтіп жатыр. Башқұрт тілін  меңгерем деушілер Дик Фирдаус Бахтияровнаға (8-705-570-24-12) хабарласып, жазылуыңызға болады.

Достық Үйінде:

  • башқұрт
  • татар
  • поляк
  • неміс
  • украин
  • кәріс
  • түрік

тілдерін меңгертуге арналған 7 жексенбілік тіл мектебі ақысыз негізде жұмыс істейді.