Chania
563
16.12.2019
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Достар, Сіздерді шын жүректен еліміздің басты мерекесі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен құттықтаймыз!

Тәуелсіздік – ата-баба арманы, біртұтас елдіктің, бірліктің, жарқын болашаққа деген сенімді үміттің мерекесі. Тәуелсіздіктің арқасында дүниеге жаңа Қазақстан келді.

Осыдан 28 жыл бұрын Қазақстан салт-дәстүрге бай, өз алдына дербес шешім қабылдай алатын, егемен мемлекет ретінде танылды.
Елбасының салиқалы саясатының арқасында мемлекеттің экономикалық-әлеуметтік жағдайы жақсарып, Ұлы дала елі жаңа белестерді бағындыра бастады. Тәуелсіздік күні ел тағдыры үшін жауапкершілік сезінген барша қазақстандықтарға ортақ мереке.
Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт тілейміз, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, әрбір шаңырақ берекелі болсын!
Қазақ елі өркендей берсін!

Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясы
«Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ