Chania
949
27.02.2023
«Nadzieja» Қостанай облыстық поляк қоғамы

Төрағасы: Радомский Виктор Леонидович

Туған күні: 7 сәуір  1959 жыл

ЭМБ тіркеу күні: мамыр 1997 жыл.

Туған жылы: 26 мамыр 1994 жыл

Негізгі жобаларс: Поляк қоғамы атап өтетін және ұйымдастыратын  маңызды мерекелер: Конституция Күні, Поляк Тәуелсіздік Күні, халық армиясы мен туының Күні, Рождество, Пасха, ұлттық мәдениет Күні, поляктарды депортациялау және НКВД қуғын-сүргін құрбандарын еске алу Күні. Сондай-ақ, ЭМБ Поляк суретшілеріне, ақындарына, жазушыларына,  қоғам қайраткерлеріне  арналған барлық іс-шараларды атап өтуде.

Қостанай облысында поляк этносының өкілдері негізінен 1936 -1940 жылдарындағы саяси қуғын-сүргін зардабының салдарынан келген болатын. Қазір Қостанай облысында 1,4 мың поляктар тұрады  (деректер  2018 жылғы қаңтар).

"Надея" поляк этномәдени бірлестігі Ромуальда Стефановна Гицевичтің бастамасы бойынша 1997 жылдың 27 мамырында құрылды. Мәдениет қызметкері, режиссер-қоюшы маманы қауымның бастапқы кезеңінен бастап ұзақ жылдар бойы басшылық қызметін атқарып жүрді.

Поляк тілін жетік білетін  Ромуальда Стефановна жексенбілік мектебінің жұмысын жандандырды,  өзі сол сол мектепте сабақ берді. Кейінірек оның бастамасын Ирина Гвоздецкая жалғастырды, ол қазір барлық ниет білдіргендерге тілді үйретіп жүр.

Қайта тіркеуден өткеннен кейін,  2012 жылғы қыркүйектен ЭМБ отставкадағы милиция подполковнигі Радомский Виктор Леонидович басқарды. Қоғам "Nadzieja" Қостанай облыстық поляк қоғамы болып қайта аталды.

Қауымның белсенді жұмысының арқасында Қазақстандағы Польша елшілігімен байланыс орнатылды, сонымен бірге елшілік Қостанай этномәдени бірлестігіне әдістемелік және кеңестік көмек көрсетеді.

Өз кезегінде, "Nadzieja" Қостанай облыстық поляк қоғамы белсендінділік танытып,  көп күш-жігерін халықтың аз қамтылған бөлігіне жіберіп, көмек көрсетіп отырады. Мысалы, Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы аясында "20 ізгі іс" қауымы республикалық акциясына өз үлесін қосты. Сонда ЭМБ белсенділері әйелдер мен балаларға арналған бейімдеу орталығында уақытша тұрып жатқан толық емес бес отбасын қамқорлыққа алуға бел буды. Акция барысында бірлестік мүшелері қамқорлыққа алынған отбасыларына азық-түлік жиынтықтарын табыс етті. 

Тілдік мектептен басқа, ЭМБ  вокалды "Надежда" дуэті құрылды. Анжелика Кожевникова Елена Бут сол ансамбльде ән шырқайды. Олар қаланың, облыстан тыс жерлердегі іс-шараларға қатысады. Қауымның белсенділері жыл сайынғы  республикалық поляк әндерінің "Поющая Полония" фестиваліне қатысады. Бұл фестивальге бүкіл Қазақстанның түкпір-түкпірінен поляк қауымының өкілдері жиналады.

Жергілікті өлкетанушы, тарих ғылымдарының докторы, А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ профессоры Дмитрий Легкий Қостанай облысына поляктарды депортациялау туралы ауқымды зерттеу жұмысын жүргізді. 2016 жылы Қазақстанға поляктарды депортациялаудың  80 жылдығына арналған республикалық шығармашылық байқауында Легкийдің кітабы  үздіктердің бірі атанып, автордың өзі де бірінші орынды иеленд.

1990-шы жылдары Қостанайда "Успения Богородицы" рим-католик приходы белсенді түрде жұмыс істей бастады. Мұнда Польшадан діни қызметкерлер қызмет көрсетеді. Қазіргі уақытта өз миссионерлік қызметін приходта  әке Славомир Шчепан Порембский жүргізеді. Қауым мен приходтың арасында тығыз байланыс орнаған, бірлескен Рождестволық, Пасхалық навечеря, Сочельник сияқты мерекелер аталып өтіледі. Бірлесіп приход пен ЭМБ қайырымдылық іс-шараларын жүргізеді. Өңірде үш приход – Рудный, Лисаковск және Арқалық қалаларында жұмыс істейді, сондай- ақ  жексенбілік тіл үйрену мектебі де бар.

"Nadzieja" ЭМБ белсенділері поляк халқының тіл мен мәдениетін сақтап, дамытып,  сонымен қатар, Қазақстандағы этносаралық келісімді  нығайтуға да  ықпал етуді басты міндет деп санайды.