Chania
1122
11.07.2018
Қостанай облысының орыс қауымы

Төрағасы: Ивлев Юрий Иванович

Туған күні: 10 ақпан 1961 жыл

Орынбасары: Моргунова Татьяна Викторовна

ЭМБ тіркеу күні: наурыз 1998  жыл

Негізгі жобалар: Славян мәдени Күндері дәстүрлі болып табылады, оның аясында жазғы уақытта  ойындармен, сайыстармен, билермен және әзілдермен  Яблочный спас жүргізіледі.  Қысқы уақытта ЭМБ  белсенділері  Достық  Үйінің көмегімен ертегі кейіпкерлерімен  рождестволық Святки  ұйымдастырады.  Қатысушылар кез-келген конкурстарға, викториналарға  қатыса алады, сонымен қатар, Рождествоның тарихы  мен  салт-дәстүрін көбірек білуге мүмкіндік бар.

Қауымның белсенділері славян мәдениетінің фестивалі, Халықтың бірлігі Күні, орыс халық аспаптар фестивалі мерекелеріне қатысады.

Орыс қауымы жыл сайын мүмкіндігі шектеулі және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға, облыстық балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған қайырымдылық және жаңа жылдық рождестволық ертеңгіліктер өткізеді. Дәстүрлі түрде "Сосновый бор" санаториінде ҰОС ардагерлерін, тыл еңбеккерлерін, еңбек  және Ауған ардагерлерін демалдыру және сауықтыру ұйымдастырылады.

Қысқаша ақпарат:

Этникалық құрамы бойынша пайыздық қатынаста Қостанай облысында әрқашан орыс халқы басым болатын. 2018 жылғы қаңтар айының деректері бойынша аймақта  саны 880 мың халық өмір сүреді, соның 364 мыңы орыс этносының өкілдері болып табылады. Бұл 1998 жылдың наурыз айында аймақта орыс қауымы пайда болды. 2003 жылдан бастап ЭМБ төрағасы облыстық орыс драма театрының директоры, облыстық және республикалық Қазақстан халқы Ассамблеясының  мүшесі  -  Юрий Иванович Ивлев .

Орыс қауымы Зауралья (Қорған) халықтар Ассамблеясы мен Челябі облысы халықтар Достық Үйімен Ресейдің шекаралас өңірлерімен тығыз мәдени байланыста. Челябі облысының  делегаттары шекара маңы ынтымақтастығы аясында Қостанай жерінде өтетін  дәстүрге айналған "Мәдениеттер диалогы" жастар лагерінің қонақтары мен қатысушылары болып жүр. "Достық көпірлері" Қорған облысымен орнатылған: 15 жыл астам уақыттан бері "Нам вместе жить в ХХІ веке!" атты  бірлескен жастар фестивалі өтіп тұрады.

Орыс қауымының өкілдері славян жазуы Күнінде Челябі, Қорған және Орынборда өздерінің үздік нөмірлерін  көрсетеді. Облыстық орыс драмтеатрының негізгі құрамы   қауымның активіне кіреді, олар өздерінің ең үздік спектакльдерімен  бірнеше рет шекаралас аймақтарға гастрольдік сапармен шықты. Сонымен қатар, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен орыс драма театры бірлесе отырып, "Любовь и смерть Ақ келін" (қоюшы режиссері - ҚР еңбек сіңірген қайраткері А. Лиопа) жерлесіміз Ахмет Байтұрсыновтың зайыбы Александраға арналған спектаклін қойды. Сондай-ақ, Ю. И. Ивлевпен, орыс қауымының төрағасымен ұсынылған бастамасы бойынша театр репертуарында Торғай өңірінде алғашқы орыс-қазақ мектебінің ашылғанына 150 жыл толу мейрамына орай тағы бір "Ыбырайдың өсиеті" (сценарий авторы – ақын А. Шаяхмет, қоюшы-режиссер – А. Лиопа) атты спектакль пайда болды.

Ресей Федерациясымен достық пен ынтымақтастықты нығайтуға, сауда-экономикалық байланыстарды сақтауға,  орыс тілі мен мәдениетін шетелде насихаттауға  қосқан зор үлесі үшін, 2015 жылдың қараша айында Юрий Иванович Ивлев Ресей Федерациясының Президенті бекіткен,  Пушкин медалімен марапатталды. Ол "Астанаға 10 жыл", "ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл", Қазақстан халқы Ассамблеясының Бірлік" медальдарымен, ҚР мәдениет Министрлігінің  "Мәдениет қайраткері" төс белгісімен  марапатталды.

Татьяна Ивлева орыс қауымының жарқын өкілі болып табылады, ол қалалық және облыстық іс-шараларының тұрақты қатысушылары болып жүрген  "Славянская песня" ансамблі мен  "Костанайские зори" орыс әндері хорын басқарады.