Chania
927
27.02.2023
Қостанай облысының кәріс этномәдени бірлестігі

Төрағасы: Ким Ульяна Львовна

Туған жылы: 05.08.1977

Негізгі жобалар: "Сольналь" жаңа жыл ай күнтізбесі бойынша  кәріс ЭМБ маңызды мерекелерінің бірі болып табылады. Бұл мереке үлкен концерттік бағдарламамен, кәріс косметика, кәдесыйларының сатылым – көрмесімен тойланады.

Қазақстанда кәріс мәдениет күндерінің аясында ұйымдастыралатын, дәстүрлі түрде жыл сайын кәріс киносының фестивалі өтеді. Бірлестік белсенділері самульнори мен нонакта (кәріс ұлттық аспаптары - барабандар) ойнау бойынша мастер-кластарды жиі ұйымдастырады. Қазақстан кәрістері жастар қозғалысының форумы кең түрде өткізіледі.

ЭМБ белсенділері алғыс Күнін, Наурыз мейрамын, ҚР халықтарының бірлік Күнін, қарттар Күнін, балаларды қорғау Күнін мерекелеуге үнемі қатысады.

Кәріс ЭМБ  үнемі қайырымдылық акцияларына қатысып отырады. Төраға  Игорь Романович Кимнің бастамасымен және этномәдени бірлестіктерінің қолдауымен  8 баланы асырап алып, соларға қамқор болып отырған көпбалалы да, көпұлтты Төлегеновтер отбасына екі қабатты үй салынды және сол  үйдің кілті табысталды.

Қысқаша ақпарат:

1937 жылы Қостанайға Қиыр Шығыстан екі құрам  кәріс қоныс аударушылары келді. Алғаш рет депортацияланған кәрістер жайғасқан орын, қазір облыстық орталығының шегіне кіреді, бірақ әлі күнге дейін халық арасында  "Кәріс" кенті деп аталады.

1990 жылдың ақпанында құрылған Қостанай облысы кәрістер ассоциациясы көп жылдардан бері аймақтағы белсенділердің бірі болып табылады. Облыста 3800 астам кәрістер тұрады  (2017 жылғы  желтоқсан айының деректері).

Медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты хирург, Валерий Алексеевич Цхай ЭМБ бірінші басшысы болды. 1991 жылдан 2005 жылға дейін бірлестікке Владимир Николаевич Хан  мен Юрий Николаевич Пак төрағалық етті, бұл кісілерден кейін  Юрий Сергеевич Когай басшылықта болды. 2014 жылы облыстық кәрістер Қауымдастығының басшысы танымал бизнесмен, меценат, "БК-Строй" ЖШС директоры  - Игорь Романович Ким болды. 2011 жылы белсенді және жемісті қайырымдылық қызметі  үшін Игорь Романович "Шапағат"  медалімен марапатталды, ал 2017 жылы бірінші облыстық меценаттар форумы мен Қазақстан халқы Ассамблеясы  қайырымдыдылық  эгидасының аясында  «Алтын жүрек» мүсіншесі   мен облыс әкімінің алғыс хатын алды. Сондай-ақ ҚР Тәуелсіздігі мейрамының  25-жылдығында Игорь Романович "Құрмет"орденімен марапатталды.

1998 жылдан  қауымда кәріс жастар қозғалысы (КЖҚ) жұмыс істейді, ұзақ жылдар бойы оның көшбасшысы  Марина Ким-Лян болды. 2017 жылы бұл қызметке Валерия Ким келді.

 КЖҚ   ұжымында самульнори - барабаншылары, волейбол командасы,  жыл сайынғы кәріс әнінің  республикалық фестиваліне қатысатын жастар вокалдық ансамблі бар.  Роза Владимировна Ким басқаратын аға буын адамдары  шұғылданатын  "Ен-коди" хоры  белсенді түрде жұмыс істейд. Әншілер ұжымы үнемі жеке концерттерің  беріп, қалалық

іс-шараларға  қатысады. Хор бастапқыда Қостанай қаласының № 3 кітапханасының базасында пайда болды, ал 2007 жылы осы жерде "Мугунхва" кәріс мәдениетінің клубы құрылды, ал кейін  Достық Үйіне қоныстанды.

Радмила Анатольевна Ким дәріс беретін жексенбілік мектеп жұмыс істейді.

Кәріс тілін үйренуді белсенді түрде түрлі этнос өкілдері қызығушылық танытуда, оқуды аяқтағаннан кейін олар емтихан тапсырып, сертификаттар алады, әрі қарай оқуды Кәрістің беделді жоғары оқу орындарында жалғастыруға  құқық беріледі.  

Қостанай облысының танымал кәрістері - Қостанай меценаттар клубының "Ғылым" номинация сыйлығының лауреаты Валерий Цхай, Қостанай аэропортының директоры Юрий Ким, А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ педагогика және психология кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Наталья Ким, «Промстройпроект» ЖШС директоры, архитектор Александр Когай, өлкетанушы, ақын және публицист Федор Мин, қауымның ақсақалы, бұрынғы партиялық қызметкер Леонтий Сергеевич Цхай, облыстық "Костанайские новости" газеті бас редакторының кеңесшісі  Галина Ким, хореограф, «Узоры» би ұжымының жетекшісі Юрий Пак.