Chania
935
27.02.2023
Қостанай облысы Орынборлық казактарының қауымы

Төрағасы: Ткаленко Иван Григорьевич

Туған жылы:  02.01.1954

Орынбасары: Мария Шеверова

ЭМО тіркеу күні: қаңтар 2007 жыл.

Негізгі жобалар: Қауымның белсенділері салауатты өмір салтын сақтауға шақырады және "Әкем, анам және мен - казак отбасы" атты спорттық сайысы жыл сайынғы ең басты іс-шаралардың бірі болып табылады. Жыл сайын әскери-спорттық "Зарница" ойынымен Георгий Победоносец Күні аталып өтіледі, бұл шараға қауым өкілдернің барлығы қатысадыі. Казактар Рождество мен Масленица мерекелерін көңілді өткізеді. Ең маңызды мерекелердің бірі казачка-анасының Күні болып табылады.

Қауымның белсенділері "Сәлем, мектеп!" білім күнін, Отан қорғаушылар Күнін, Жеңіс Күнін, Құдайға Шоқыну Күнін мерекелеуге қатысады.

Жыл сайын ең жас казактарға спорттық эстафеталары мен сурет салу сайысы ойын-сауық бағдарламасымен табиғатқа шығу ұйымдастырылады, ал мерекенің қорытындылары бойынша қауымының аға буын азаматтары болашақ мекетеп табалдырығын аттайтындарға сыйлықтар табыс етеді.

Қысқаша ақпарат:

2007 жылдың 29 қаңтарында облыстық Достық Үйінде казак қауымы құрылды. Всеволод Юрьевич Кашарин бірлестіктің бірінші атаманы болып сайланды. 2011 жылдың шілде айынан бастап қауымға  Виктор Геннадьевич Чемпалов  басшылық етеді.

Бірлестіктің негізгі қызметі жастардың патриоттық тәрбиесіне, казактардың төл мәдениетін нығайтып, сақтауға, ұлтаралық келісімге  бағытталған. Бұл үшін бірлестік үнемі этностар арасындағы достықты, салт-дәстүрлерді біріктіруге, отбасылық құндылықтарды  орнықтыруға  арналған іс-шараларды өткізеді.

2015 жылы қауымда "Казачья Воля" атты құрылған вокалдық ұжым тікелей облыстық  Достық Үйінің музыкалық жетекшісі Светлана Обухованың қатысуымен жүзеге асты.  Ансамбльде әр түрлі кәсіптегі адамдар өз шығармашылығын дәріптеуде. Ансамбльдің негізгі мақсаты  – Орынбор казактарының фольклорлық мәдениетін сақтау және дәріптеу. 2017 жылдың ақпан айында ансамбльдің алғашқы үлкен концерті болды, бұл концерт  Орынборлық казактар қауымының 10 жылдық мерейтойына арналды, шашканы иеленуде шеберлік танытатын хорунжий Григорий Видлацкий да осы концертте өз өнерін көпшілікке паш етті. Ұжым репертуарында облысымыздың танымал сазгері Сергей Кобызев пен  Евгения Смирнованың авторлық әндері бар.

Ұжым қысқа мерзім ішінде "Шекарасыз Ән" халықаралық фестиваль қатысушысымен және Қазақстан казак қауымдарымен ұйымдастырылған  «Біздің күшіміз-бірлікте» атты орыс, казак және славян әндерінің екі республикалық фестивальдерінің  лауреаты атанды.  ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығы қарсаңында қауым «Гимн земле казахстанской» атты мерекелік кешін дайындауға және өткізуге қатысты, осы шараның  қорытындысы бойынша жастарға патриоттық тәрбие беруді қолдау және казак ән өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін  мақтау қағазымен марапатталды.