Chania
841
27.02.2023
Қостанай облысының еврей этномәдени бірлестігі

Төрағасы: Чашков Вадим Николаевичн

Туған жылы: 13.01.1978

Орынбасары: Евгения Владимировна Пархоменко

ЭМБ тіркеу күні: 1995 жыл.

Негізгі жобалар: 15 жыл астам уақыттан бері қауым  еврей кітаптарының фестивалін Л. Толстой атындағы облыстық кітапханада  өткізеді.

Қоғамдастықта  шабат--жұмалық отырыстар әдетке айналған. Ересек ұрпақ қызығушылықпен отандастарының ортасында жиналады,  шай үстінде ұзақ әңгіме айтып, жаңалықтарымен бөліседі. Қостанайда 2009 жылы «Бейт Рахель-Хабад Любавич» синогогасы ашылды, Бұл ғимарат Қазақстанда ғана емес, одан да тыс жерлерде белгілі бизнесмен және меценат Александр Машкевичтің жеке қаражатына салынды. Синагогада қауымның  белсенділері  вокал мен  би, кескіндеме мен иврит бойынша сабақтар өткізеді.

Еврей ЭМБ ең неізгі мерекелері болып Рош-а-Шана, Ту би-Шват, Пурим, Песах, Ханука саналады. Барлық осы іс-шаралардың музыкалық безендірушілері саксофонист Аркадий Шлейфер және флейтист Вадим Чашков, соңғысы жануар мүйізінен жасалған шофар деген ежелгі еврей аспабында керемет ойнайды.

Сондай-ақ, орталықтың белсенділері әрбір 9 мамыр Жеңіс Күні Ұлы Отан соғыс ардагерлерін құттықтайды. Қауымның барлық іс-шараларының Құрметті қонағы - тыл және еңбек ардагері, медицина ғылымдарының кандидаты Нинель Петровна Берелович.

Қауымның өкілдері халықтардың бірлігі Күнін, облыстық және қалалық іс-шараларын өткізуге ат салысады.

Қысқаша ақпарат:

1993 жылы өңірде еврей мәдени орталығы пайда болды, тіпті саны аз болғанымен, ол әлі күнге дейін белсенді түрде жұмыс істейді. Бірлестікті құру туралы бастаманы көтерген  облысқа танымал музыкант және композитор Геннадий Цыпин болатын, ал кейінірек, ол орталықты басқарды, кейін елде, 1995 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылғанда, ол еврей қауымын лайықты түрде көрсете білді.

1998 және  2000 жылдары орталықты Леонид Юрьевич Кац басқарды,  2001 жылы басшылыққа Анатолий Исаакович Мардер келді. Бес жылдан кейін орталықтың төрағасы болып Петр Николаевич Рубинштейн сайланды, ол бүгінгі күнге дейін өз жұмысын жалғастырып келеді. Евгения Владимировна Пархоменко орынбасары және көмекшісі болып табылады.

ЭМБ құрылған алғашқы күнінен бастап жексенбілік мектеп ұйымдастырылды, оқу барысында ивритке, мәдениетке, салт-дәстүрге аса көңіл бөліне бастады. Мектептің тұрақты оқытушысы - Татьяна Арнольдовна Баль. 2002 жылы "Мицва" еврей ұйымдар Қауымдастығының бастамасы бойынша облыста "Центр Забота – Хэсэд Полина" республикалық еврей қайырымдылық қоғамдық бірлестігінің филиалы құрылды, бұл филиал ай сайын республикалық қайырымдылық бағдарламаларын іске асыру шеңберінде  қостанайлықтарға практикалық көмек көрсетті. 2016 жылы қор өз жұмысын тоқтатты.

2004 жылдан бастап қауымның шығармашылық ұжымдары еврей мәдениеті   халықаралық фестивалінің қатысушылары болды, фестиваль жыл сайын Қарағандыда өткізілді, фестивальге қатысушылар К. С. Станиславский атындағы Қарағанды орыс драма театрының  сахнасында өздерінің қойылымдарын көрсетті.

ҰОС ардагері, КСРО-ның құрметті теміржолшысы, Қазақстанның еңбек сіңірген көлік қызметкері, Қостанай және Қостанай облысының Құрметті азаматы, еврей қауымының жарқын өкілдерінің бірі-- Бертран Иосифович Рубинштейн 2017 жылдың 1 сәуірінде 95 жасында өмірден озды.