Chania
646
09.07.2018
«Облыс қалалары мен аудандарының Қоғамдық келісім кеңесі мүшелерінің қатысуымен қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмысын ұйымдастыру» жобасы туралы ақпарат

2017 жылғы маусым айында  облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы «Облыс қалалары мен аудандарының Қоғамдық келісім кеңесі мүшелерінің қатысуымен қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмысын ұйымдастыру» жобасын сәтті бастады.

Жобаның мақсаты -Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңестерінің қызметімен танысу (бұдан әрі – Кеңес), аудандық және қалалық деңгейдегі Кеңестермен өзара қарым-қатынас,азаматтардың әлеуметтік көңіл-күй мониторингі,аймақтағы әлеуметтік-экономикалық мәселелерді анықтау.

«Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2017 жылы облыстың 4 өңірлеріне оның ішінде: 14 маусым- Әулиекөл ауданында, 21 тамыз – Ұзынкөл, 20 қазан – Қамысты және 2 қазан - Федоров аудандарында көшпелі отырысын өткізді.

Көшпелі іс-шара бірнеше кезеңнен тұрды: аудан әкімінің қатысуымен пленарлық отырыс, азаматтарды қабылдау қоғамдық қабылдауда   Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа көзқарас: Қоғамдық сананы модернизациялау» жобасы шеңберінде  «Қазақстандық этносаралық толеранттылық және  қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі» тақырыбында еңбек ұжымдарымен қатарласа диалогтық алаңдар өткізілді.

Отырысқа қатысушылар Қоғамдық келісім кеңестерінің  барлық деңгейдегі  мүшелері, қоғамдық қабылдау мүшелері,  облыстық және аудандық мәслихаттардың депутаттары, аудандық мекемелер мен ұйымдардың басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, облыс тұрғындары.

Еңбек ұжымдары  алдында   облыстық ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының мүшелері өнер көрсетті.

Қоғамдық қабылдау залында сөз сөйлеген аудан тұрғындары әртүрлі сипатта болды және әлеуметтік-экономикалық салаға қатысты болды, барлығы  21 адам қоғамдық қабылдау бөлмесіне жүгінді, жобаның барысында 802 адам қамтылды.

Қоғамдық қабылдау бөлімдерінің жұмыс қорытындысы бойынша облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы,облыс әкімі  Архимед Бекежанұлы Мұхамбетовке ерекше назар аударуды талап ететін маңызды мәселелерді шешуге көмектесу және бақылау үшін ресми хабарлама жіберілді.