Chania
1076
11.07.2018
Қостанай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы аналар Кеңесінің Жас отбасы клубы ұсынатын қызмет бағдарламасы

Түсіндірме жазба

Жас отбасы Клубының қызметі қазіргі заманғы қазақстандық отбасының кең ауқымды мәселелерін сипаттауға және талдауға арналған. Бағдарламада, жас отбасының бастапқы кезеңдерінде қалыптасу ерекшеліктеріне және туындайтын психологиялық қиындықтарға байланысты мәселелер жеке қарастырылып отыр.

Жас отбасы ерекше мәселелермен өзінің функцияларын жүзеге асыруда ерекше әлеуметтік санат ретінде қаралады. Ең басты орын жас отбасын құру процесінің сұрақтарына беріледі, қазіргі заманғы жағдайында неке таңдауын жүзеге асыруға, жас ерлі-зайыптылардың бейімделуі, жас ата-аналардың тәрбиелік әлеуетін қалыптастыруға көңіл бөлінеді. Сонымен қатар, отбасының өмірлік циклының дағдарыстық жағдайлары, ерлі-зайыптылардың қайтадан некеге отырған жағдайдағы отбасы ішіндегі мәселелері, жиынтық отбасындағы балалар тәрбиесінің ерекшелігі қарастырылады .

Қалыпсыз жағдайларда отбасының ерекшеліктері ашылады: ата-аналардың ажырасуы мен қайта некеге тұруы, отбасының жанжалдары мен дағдарыстық жағдайлары. Ерекше балалардың тәрбиесіне байланысты мәселелер айтылады: соматикалық тұрғыдан әлсіз, мазасыз, тым белсенді, солақай, дарынды.

Жас отбасы клубын құруда әдістемелік көмек ретінде Клуб қызметімен ұсынылатын бағдарлама Қостанай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы аналар Кеңесінің сұрауы бойынша дайындалды. Аталған бағдарлама қатысушыларды оқуға, тренингтерге, білікті заңгер, психолог, әлеуметтік қызметкер, дәрігер, экономист және басқа да мамандардың кеңесін алуға бағыттайды. Мемлекеттік бағдарламаларға қатысу туралы мүмкіншілікті білу жөнінде кеңес алады.

Жас Отбасы Клубы - Жобасы ұсынады:

  1. Өзара іс-қимыл бойынша тренингтер мен семинарлар.
  2. Отбасы құндылықтары мен қарым-қатынастарын нығайту мен дамытуға арналған ойындар мен сайыстар.
  3. Отбасы қарым-қатынастары жөніндегі мамандардың кеңестері.
  4. Практикалық психологтар, заңгерлер, экономистер, медиктер, дефектологтар, банк қызметкерлері, қорғаншылық органдарының өкілдері және т. б. кездесу.
  5. Жұмысқа орналасудағы көмек – түйіндеме жасау, әңгімелесуге дайындық және тағы басқа.
  6. Жұмыспен қамту орталығымен тығыз байланыста болып – жұмысқа орналасу және іскерлік жайлы бағдарламалар туралы кеңес алып отыру.

Жастары 35 жастан аспайтын, ерлі-зайыптылардың екеуі де қоса алғанда бірге, бірінші некеде 9 жыл отасса, ол неке одағы жас отбасы болып саналады. Бұл топ некелері өте тұрақсыз және олар барлық ажырасудың ең үлкен пайызын береді. Осы жағдайлар жас отбасына ерекше көңіл бөлу керек екенін көрсетті. Жас отбасының алғашқы қадамдары ерлі-зайыптылардың бір-біріне неке қарым-қатынасындағы бейімделуі. Ол келесі сәттерді қамтиды:

– серіктестігінің сипаты мен мінезіне бейімделу;

– некелік серіктестігінің қажеттіліктеріне, мүдделеріне, әдеттері мен өмір стиліне бейімделу;

– негізгі өмірлік құндылықтарға, "өмірлік философияға", серіктес пен мақсаттарға; өмір мағынасына бейімделу;

 – физиологиялық, соның ішінде сексуалдық бейімделу;

– некелік серіктестігінің кәсіби мүддесі мен қызметіне бейімделу;

– серіктестігінің жақын туыстары мен ата-аналарына бейімделу;

–жұбайының (зайыбының) достарына, жолдастарына, әріптестеріне бейімделу.

Бірлескен еркін пікірталас және талқылау процесінде оң тәжірибелі тыңдаушылардың процесіне бейімдеу. "Жас отбасының Клубы" алдына аталып кеткен, осындай ең маңызды міндеттер қойып отыр.

Жас отбасында үй шаруасын бөлу пікірталас тудыратын мәселе болып табылады.Осы проблема бойынша тыңдаушыларды ашық әңгімеге шақыру қажет.

Қаржылық проблемалары жас отбасы үшін – көкейкесті проблемалардың бірі болып саналады, әсіресе, "қалталық" күйеуі мен әйелінің ақшалары туралы әңгіме болғанда. Тәжірибе тыңдаушылармен осы мәселе бойынша пікір алмасу өткізген жөн. Бұдан әрі: тиімді және ұтымды отбасының қаржы құралдарын бөлу – пікірталас тақырыптарының бірі болып саналады. Ең қиыны және ең бастысы – шебер, икемді, ілтипатты түрде пікірталастың қорытындысын шығару.

Отбасында татулық, түсіністік, келісілген іс-әрекеттер мен ортақ мақсаттарға қалай қол жеткізуге болады. Ерлі-зайыптылармен қандай міндеттер бірінші, екінші және үшінші кезекте шешіледі. Бұл тұрғыда, әрбір отбасының белгілі бір тәжірибесінің құндылығы бар және семинар басшысының міндеті жүргізілген пікірталастар мен талқылаудан кейін осы тәжірибені жинақтап, дұрыс қорытынды жасап шығаруы қажет.

Ана мен әке ретінде қалыптасу мәселелері кешенді түрде қарастырылады. Бұл ретте негізгі назар ана болу проблемалары, өйткені мектепке дейінгі балалық шақта, жеке тұлғаны қалыптастыруда шешуші рөл анаға беріледі. Бұл жағдайға ерекше назар аудару керек:бірқатар қаржылық, тұрғын үй қиындықтары, сондай-ақ басқа да жеке мәселелерге байланысты әйел (санасыз түрде) баланы "қабылдауы" мүмкін, оған суық, немқұрайды болып, тіпті агрессия танытуы да мүмкін, себебі ол көптеген қосымша қиындықтар туғызды деп кінәлайды, барлық өмірлік жағымсыз жағдайларының себепшісі деп ойлауы мүмкін.

 "Күтпеген бала" – бұл ана үшін де, ал көп жағдайда бала үшін, болашақ психологиялық проблемалар тудыратын жағдай. Осы бөлімде талқылауға қойылған тақырып ерекше көрегендік пен сақтықты талап етеді. Басты міндет – аналардың көңілін балаға аудару, психологиялық тұрғыда ана мен баланың арасын ажыратпау, соған көмек беру.

Талқылау кезінде әкенің отбасындағы рөліне айрықша назар аудару керек, себебі бұл жағдай ұлдар мен қыздар, жыныстық айырмашылығын тәрбиелеуде (саналы түрде, ал бәрінен санасыз) әкесі енгізеді, анасы үшін олардың жынысына қарамастан барлық балалары бірдей сүйікті. Бұл-оның балалары. Әдетте, ана махаббаты шартсыз ("Мен оларды жақсы көремін, өйткені мен оларды дүниеге әкелгенмін, олар менің балаларым"). Әке махаббаты шартты ("Мен сені сүйемін, себебі сен мені тыңдайсың", "мен сені сүйемін, себебі сен жақсы оқисың" және т. б. және т. б.

Бұл бағдарлама жас отбасы проблемаларын жан-жақты талқылауға бағытталған. Бұл ретте назар жас отбасының әр түрлі өмір тараптарына, әр түрлі әлеуметтік функцияларына аударылады.

Осындай талқылаулардың міндеттерінің бірі - ерлі-зайыптылар өзара қарым-қатынасын нығайту, ерлі-зайыптылардың бір-біріне бейімделуіне ықпал ету. Тәрбие ортасы ретінде, ерекше назар жас отбасына аударылады. Сондықтан, жас отбасында ерекше назар балалар мен ата-аналар қарым-қатынасына бөлінеді.

Ана болып қалыптасудағы проблемалар, көзқарас (қарым-қатынас) анадан балаға өте маңызды болып табылады. Бұл ретте ана мен баланың түрлі кезеңдеріндегі жағдайына үлкен көңіл бөлінеді, ал қарым-қатынас психологиясы аса маңызды орын алады. Арнайы сабақта баланы үйде еңбекпен тәрбиелеу дағдыларын қалыптастыру жайлы, өзіне-өзі қызмет көрсету процесін жетілдіру туралы талқылау.

Жас отбасы Клубы бағдарламасы қызметінің нәтижесі:

- жас отбасы Клубы қызметіне отбасыларды баулу;

- бір-біріне отбасылық оң тәжірибесін беру, оларды топтастыру;

- отбасы ішіндегі және отбасылар арасындағы эмоционалдық және коммуникативтік байланыстарды жақсарту;

- ата-аналардың психологиялық – педагогикалық құзыреттерін арттыру.

"ЖАС ОТБАСЫ КЛУБЫ" БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША

ҰСЫНЫЛАТЫН САБАҚТАРДЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

Кездесуді ұйымдастыру.

Қостанай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы аналар Кеңесінің өкілдерімен кездесу

ТАҚЫРЫП 1.Қазіргі заманғы отбасы және оның проблемалары.

1.1. Отбасы туралы ұғым. Отбасы кіші әлеуметтік топ ретінде.

 1.2. Отбасының негізгі функциясы және оның сипаттамасы.

 1.4. Дәстүрлі және эгалитарлық отбасыларының айырмашылықтары.

 1.5. Отбасының рөлдік құрылымы.

 1.6. Отбасылық өмірдің кезеңділігі.

1.7. Отбасылық аңыздар.

Практикалық отбасылық психологпен кездесу.

Тренингтік жаттығулар.

Өзіндік жұмыс үшін тапсырма.

ТАҚЫРЫП 2. Неке алдындағы кезеңнің маңыздығы туралы. Отбасы және махаббат.

2.1. Некелік серіктестікті таңдау теориясы.

2.2. Гетеросексуалдық қатынастардың кезеңдері.

2.3. Некелік таңдаудың критериилері.

2.4. Неке алдындағы кезеңнің маңыздылығы. Некеге тұру мотивациясы.

2.5. Махаббат. Махаббаттың түрлері.

Денсаулық сақтау мәселелері бойынша медицина қызметкерімен кездесу.

Тренингтік жаттығулар.

Өзіндік жұмыс үшін тапсырма.

ТАҚЫРЫП 3.Ерлі-зайыптылар қарым-қатынастар мен ерлі-зайыптылар проблемалары.

3.1. Ерлі-зайыптылардың жұп құруы.

3.2. Ерлі-зайыптылылық және ерлі-зайыптылылық міндет.

3.3. Ерлі-зайыптылар үйлесімділігі. Полорөлдік проблеманы саралау.

3.4. Ерлі-зайыптылардың өзара бейімделуі.

3.5. Отбасы интеграциясының механизмдері.

3.6. Отбасылық бақыттың факторлары, некенің дағдарыс кезеңдері

3.7. Отбасының әлеуметтік-психологилық жағдайы.

3.8. Отбасылық қақтығыстар.

Заңгерлер, экономистер және банк қызметкерлерімен кездесу.

Тренингтік жаттығулар.

Өзіндік жұмыс үшін тапсырма.

ТАҚЫРЫП 4. Ата-аналар қарым-қатынасы.

4.1. Ата-ана болу феномені

4.2. Ата-ана надындивидуалдық бүтін ретінде.

4.3. Ата-ана махаббаты психологиялық феномен ретінде.

Практикалық бала  психологтары, педагогтары, педиатрларымен кездесу.

Тренингтік жаттығулар.

Өзіндік жұмыс үшін тапсырма.

ТАҚЫРЫП 5. Отбасында ұрпақтардың өзара қарым-қатынасы.  Отбасылық педагогиканың проблемалары

5.1. Отбасылық әлеуметтендіру.

5.2. Балалардың әлеуметтендіруінде әкенің рөлі.

5.3. Балалардың әлеуметтендіруінде ананың рөлі.

5.2. Үлкен ата-аналар (ата мен әжелер) отбасылық қарым-қатынас жүйесінде.

5.3. Аға- қарындас қарым-қатынасы және олардың бала дамуына ықпалы.

Орнықты және тұрақты ерлі-зайыптылармен кездесу.

Тренингтік жаттығулар.

Өзіндік жұмыс үшін тапсырма.

ТАҚЫРЫП 6.

Отбасындағы ерекше жағдайлар.

6.1. Отбасындағы ажырасу.

6.2. Анасының қайта неке құрған жағдайында баланың эмоциалдық даму мәселелері.

6.3. Баланың шиеленісті отбасында дамуы

 6.4. Отбасы және бала сыни өмірлік қиын жағдайда

6.5. Қабылдаған отбасы

Заңгерлер, жұмыспен қамту орталығының және жұмысқа орналастыру мамандары, дағдарыс орталықтарының психологтары , психиатрлар, психотерапевтар, қорғаншылық органдарының мамандарымен және т. б. кездесу

Тренингтік жаттығулар.

Өзіндік жұмыс үшін тапсырма.

ТАҚЫРЫП 7. Ерекше бала

7.1. Соматикалық аурушаң бала

7.2. Жоғары дабылымен бала

7.3. Отбасындағы өте белсенді балалар

7.4. Солақай бала

7.5. Дарынды бала

Практикалық психологтар, педагогтар, дірігерлер, дефектологтар және т.б. кездесу

Тренингтік жаттығулар.

Өзіндік жұмыс үшін тапсырма.

ТАҚЫРЫП 8. Отбасының этнопсихологиясы

8.1.Қазақ отбасындағы балалар мен ата-аналар қарым-қатынастарының ерекшеліктері

8.2.Орыс отбасындағы балалар мен ата-аналар қарым-қатынастарының ерекшеліктері

8.3.Қазақ және орыс отбасындағы балалар мен ата-аналар қарым-қатынастарының этнопсихологиялық ерекшеліктері

Қостанай облысы этномәдени орталықтары өкілдерімен, тарихшылар, өлкетанушылармен және т. б.кездесу.

 Тренингтік жаттығулар.

Өзіндік жұмыс үшін тапсырма.

Қорытынды кездесу.

Клуб қызметінің тиімділігі туралы сауалнама жүргізу.

Қостанай облысы ҚХА өкілдерімен кездесу

Есептік құжаттама ұсыну