1. Жалпы ережелер
1.1. Жас отбасы Клубы (бұдан әрі - Клуб) заңды тұлға құрмаған коммерциялық емес қоғамдық бірлестік.
1.2. Жас отбасы Клубы Қазақстандық қоғамда отбасы рөлін арттыру мақсатында, жас отбасыларға жанұя құндылықтарын арттыру, сақтау және нығайту үшін көмек көрсету, жас отбасыларға рухани, әлеуметтік-психологиялық, шығармашылық тұрғыдан жағдай жасау және іске асыру, жас отбасылар өзара қолдау жасап, бір-біріне көмек беру үшін құрылады. Жұмыс бағыттары: жас отбасыларына білікті кеңес беру (психологиялық, заңдық, медициналық); жас отбасыларының бос уақытындағы демалысын ұйымдастыру; болашақ отбасылық өмірге дайындау; тренингтер мен практикалық сабақтар жүргізу (отбасылық бюджетті жүргізу, отбасы қарым-қатынасы және т. б.)
1.3. Клуб өз қызметін Қостанай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы аналар Кеңесінің іс-шараларына сәйкес жүзеге асырады.
1.4. Клубтың қызметі еріктілік қағидаларға негізделеді. Клубтың барлық іс-шаралары ашық түрде ұйымдастырылады және жас отбасылардың еркін түрде қатысуына мүмкіндік жасалған. Өз қызметінде Клуб келетін жас отбасылардың мүддесін басшылыққа алады.
1.5. Қажетті ұйымдастыру-әдістемелік көмек пен Клубтың үйлестіру қызметін Қостанай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының аналар Кеңесі жүзеге асырады.
2. Клубтың қатысушылары.
Клуб қызметінің қатысушылары болып табылатындар:
2.1. Жастары 18 –ден 35-ке дейінгі жас аралығындағы балаларымен және оларсыз жас ерлі - зайыптылар.
2.2. Жастары18 –ден 35-ке дейінгі жас аралығындағы (АХАЖ- да тіркелмеген) отбасын құруға дайындалып жүрген жас ерлі - зайыптылар.
2.3. Жастары 18-ден 35-ке жасқа дейінгі балаларымен жалғыз басты ата-аналар.
3. Клубтың негізгі мақсаттары мен міндеттері
3.1. Жас отбасы Клубын құру мақсаты әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік-психологиялық, психологиялық-педагогикалық, тұрғын үй-тұрмыстық және жас отбасылардың алдында туындайтын басқа да проблемалардың мәселері бойынша күш-жігерді біріктіру болып табылады.
3.2. Клубтың негізгі мақсаттары болып табылатындар:
- жас отбасылардың қоғамда әлеуметтік-психологиялық бейімделуіне жәрдемдесу;
- жас отбасыларға ақпараттық, заңгерлік және психологиялық қолдау көрсету ;
- отбасылық қарым-қатынастарды нығайту, ажырасудың алдын алу;
- психологиялық мәдениет деңгейін арттыру және отбасында балалардың тәрбие мәдениетін қалыптастыру;
- Отбасындағы денсаулықты сақтау және нығайту;
- жас отбасылардың бос уақытын ұйымдастыру және шығармашылықта өзін көрсете білуге себептік тигізу.
3.3. Алдына қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін Клубтың жүргізітен ұыймдастырушылық жұмыстары:
- жас отбасының тіршілігі мен жеке тұлғаны дамыту сұрақтары, мәселелері бойынша заңгерлер, дәрігерлер, психологтар мен басқа да мамандармен әңгіме, кеңес;
- оқу семнарлары, тренингтер, клубтық кездесулер;
- демалыс іс-шаралары, сайыстар және т.б.;
- жас отбасы проблемаларын көрсету үшін БАҚ-ты тарту.
4. Клуб қызметін ұйымдастыру
4.1. Клубтың отырысы айына 1 рет өткізіледі.
4.2. Клубтың тұрақты мүшелерінің жалпы жиналысында Клуб төрағасының қатысуымен Клубты басқаруды Клубтың Кеңесі жүзеге асырады.
4.3. Клуб кеңесі өзінің жұмысын жоспарлайды, Клуб іс-шаралар ұйымдастырады, Ережеге қайшы келмейтін өзге де қызметті жүзеге асырады.
4.4. Кемінде айына бір рет, ұйымдастырушылық жиналысын Клуб Кеңесі қажеттілігіне қарай жүргізеді. Клуб Кеңесінің шешімі Клуб Кеңесінің барлық мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады.
4.5. Клуб Кеңесі Клуб Кеңесінің барлық мүшелерінің көпшілік дауысымен сайланады және қайта сайланады. Қайта сайлау туралы шешімді Клубтың Кеңесі қабылдайды. Қайта сайлауда Клуб мүшелерінің үштен екісінен астамы дауысын берген жағдайда, қайта сайлау сондай-ақ Клуб мүшелерінің бастамасы бойынша тағайындалуы мүмкін.
4.6. Клуб отырысында, сондай-ақ Клубтың Кеңес отырыстары уақытында спирттік ішімдіктерді ішуге және мас болуға болмайды.
5. Клуб мүшелігі.
5.1. Қостанай облысында тұратын, Клуб туралы Ережені мойындайтын және орындайтын, балаалры бар немесе жоқ жас отбасылар Клуб мүшелері бола алады (жұбайлардың біреуінің жасы 35 жастан аспайтын).
5.2. Клуб мүшелері жүргізілетін іс-шараларға қатысуға құқығы бар; Клубтың Кеңесіне сайлауға және сайлануға; ұсыныстар, жобалар, өтініштер енгізу және мәселенің мәні бойынша жауаптар, Клуб Кеңесінің жұмысы туралы ақпарат ала алады.
5.3. Клуб мүшелері Клуб туралы Ережені сақтауға міндетті; Клубтың басқа да мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделерін құрметтеуге; клубтың отырыстарын ұйымдастыру мен жүргізуінде, мүмкіндігінше Клубтың жұмысына қатысу.
6. Клуб туралы Ережеге толықтырулар мен өзгерістер енгізу тәртібі
6.1. Осы Ережеге өзгертулер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар Клуб Кеңесінің ұйымдастырушылық жиналысында қарастырылады, бекітледі немесе бас тартылады. Дауыс беру құқығы тек қана Клуб Кеңесінің мүшелерінде бар.
6.2."Қостанай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы аналар Кеңесі" атынан Клуб құрылтайшысы Клуб Кеңесінің келісімінсіз осы Ережеге өзгерістер енгізуге құқылы.
7. Есеп беру тәртібі
7.1. Клуб жұмысы "Жас отбасы клубының жұмысын есепке алу журналы" жеке журналда тіркеледі, онда қатысушылар мен өткізілген іс-шаралар туралы мәліметтер көрсетіледі.
7.2. Жұмыс жоспары құрылады.
7.3. Жас отбасы Клубының жұмысымен қамтылған жастар санына талдау жүргізіледі.
8. Клубтың қызметін тоқтатуы.
8.1. Клубтың қызметі Қостанай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы аналар Кеңесінің келісімімен Клуб Кеңесінің шешімі бойынша тоқтатылады.