Chania
75
27.02.2023
ЙЫЙЫН

2022 жылы Қостанайда алғаш рет «Йыйын» башқұрт мерекесі болып өтті.

Ауқымды іс-шараны Қазақстан Республикасындағы «Башқұртстан Республикасының конгресс-бюросы» АКҰ өкілдігінің көмегімен «Азатлык» башқұрт этномәдени бірлестігі ұйымдастырды.

Қостанайдың төрінде башқұрттың Сибай қаласы филармониясының әртістері өнер көрсетті, олар башқұрт халықтық және заманауи «Шәл бәйләнем», «Туған яҡ», «Халкыма» әндерін шырқап, сондай-ақ ескі және заманауи билермен қуантты.

Сол күні спорттық жарыстар, сондай-ақ ойындар мен халықтық ойын-сауықтар жаппай өтті. Күрәш ұлттық күресінде жеңімпаз бас жүлде – қошқар иеленді. Әуесқой әншілер, бишілер мен аспапта ойнайтындар да мереке қонақтарына көптеген тосынсыйлар дайындады.

Қостанайлықтар бұл күні башқұрт өнімдерімен де танысты, өйткені жәрмеңкеде башқұрт балын, пайдалы шөптерін, сироптар және басқа да тауарларды сатып алуға мүмкіндік болды.