Chania
959
10.07.2018
«Эребуни» армян этномәдени бірлестігі

Төрағасы : Бадалян Тигран Ашотович

Туған жылы: 1 сәуір 1972 жыл

Орынбасары: Григорян Сергей Вагинакович

ЭМБ тіркеу күні: 1992 жылы жазда

«Миасин» жастар қанаты. Көшбасшы : Ашот Хачатрян

Туған жылы: 1996 жыл 6 тамыз

Негізгі жобалар:

1993 жылдан бастап, жиырма жылдан астам уақыт бойы армян қауымдастығы 7 сәуірде «Миасин» жастар қанатының белсенділері мен шығармашылық ұжымдары ғана емес, сондай-ақ онда Арменияның құрметті қонақтары «Ана мен сұлулық күні» мерекесін атап өтеді. Қоғамның жүлделері үшін нардыға арналған жыл сайынғы ашық турнир өткізу дәстүрге айналған. Жазғы уақытта «Вардавар» армян ұлттық мерекесі - «Преображения» Қасиетті мерекесі атап өтіледі. Ақпан айында «Эребуни» белсенділері «Терендез» ұлттық мерекесін тойлайды, онда басқа этномәдени бірлестіктердің жастары да кіреді.

«Эребуни» Қазақстан халықтарының бірлігі күні мен Алғыс айту мерекесіне, қалалық және облыстық іс-шараларға белсенді қатысады.

2005 жылдан бастап «Эребуни» армян қауымы Федоров кентіндегі және Пешковка кентіндегі балалар үйіндегі тәрбиеленушілерді қамқорға алды және олармен достасып кетті.Қауымдастық төрағасының орынбасары Сергей Вагинакович Григорянның бастамасымен, Қостанай облысындағы балалар үйлері мен мектептерінің аумағында ағаш отырғызу бойынша экологиялық акция өтуде.

Қоғамдастық белсенділерінің бастамасымен Назарбаев Интеллектуалдық мектебінің аумағында алма бағы бой көтерді. Қоғамдастық үнемі жетім балаларға арналған қайырымдылық мерекелерін ұйымдастырып тұрады.

Қысқаша ақпарат:

Қостанай облысында ең бірінші рет армяндар XX ғасырдың басында пайда болды. 1926 жылдың халық санағы көрсеткеніндей, аймақта 7 армян тұратын, ал 1999 жылдың халық санағы армян халқы бірнеше жүз есе өсіп, 1938 тұрғын болғанын көрсетті.Қазіргі уақытта статистика бойынша аймақта шамамен екі мың этникалық армян тұрады.Бастамашыл топтың ұсынысымен, болашақта жастар өз этносының бай мәдени мұрасын, тілін, салт-дәстүрлерін дәріптеу мақсатында 1992 жылдың жазында «Эребуни» армян қауымы құрылды, бірінші төрағасы болып Минасян Рафик Давидович тағайындалды. Сегіз жыл бойы ол қоғамның қалыптасуы мен дамуына үлкен үлес қосты. Одан кейін оны Тороян Мэйд Парникович ауыстырды, оның орнына Артур Сурикович Абрамян келді, ал 2016 жылдың ақпанынан бастап Бададальян Тигран Ашотович жаңа төраға болып сайланды.1999 жылдан бастап армян қауымының қабырғасында ана тілін, әдебиетін, тарихын, дәстүрлерін және әдет-ғұрыптарын зерттеудің жексенбілік мектебі жұмыс істейді. Шант Мкртчян бірінші мектеп мұғалімі мен ұйымдастырушысы болды. Келесі оқытушы Раху Геворгян болды, ал қазіргі уақытта Гайана Чичоян сабақ беріп жүр.Қостанай облысы әрдайым OҚХА этномәдени бірлестіктерінің лайықты өкілдерін мақтан тұтады. Мартиросяндар отбасы біздің ғана емес, сонымен қатар шекарадан да тыс аймақтарға танымал.Облыстың танымал тұлғалары - Шушаник Саргсян, OҚХА аналар Кеңесінің төрағасы, З. Алдамжар атындағы ҚӘТУ педагогикалық факультетінің деканы, профессор Нелли Лалаян,, биология ғылымының кандидаты, «Қостанай оьлысының алтын жастары» кітабының лауреаты,шоумен Рач Мартиросян, тележүргізуші Гаяне Мартиросян, музыкант Владимир Торосьян, облыстық филармония джаз оркестрінің қатысушысы, Лусине Назарян, облыстың үздік мұғалім деп танылған, Қостанай физика-математика лицейінің бастауыш сынып мұғалімі.