Chania
750
11.07.2018
«Дуслык» татар - башқұрт этномәдени бірлестігі

Төрағасы: Бектемиров Ринад Вальтаевич

Туған жылы: 8 қараша 1962

Орынбасары: Сиит Сария Салиховна

ЭМБ тіркеу күні: сәуір 1995 жыл.

 «Булачак» жастар қанаты. Көшбасшы: Валерий Гумиров

Туған жылы: 11 сәуір 1993 жыл

Негізгі жобалар: "Дуслык"  ЭМБ  жыл сайынғы Сабантойды  мерекелеуі өте ерекше және қызыққа толы өтеді. Соқа мерекесінде ұлттық тағамдарының дәмін ғана татып,  қолөнершілердің көрмесін тамашалап, жарқын концерттік бағдарламадан ләззат алып қана қоймай, сонымен қатар балуандарға жанкүйер болуға болады,  сүйікті спорт ойындары – белбеу күресінен – куряш, күш пен жігердің көрінісі. Жеңімпазға дәстүр  бойынша тірі қой тапсырылады, оны ол өз мойынына салып алып кетеді. Мерекенің  жиі қонақтары -  Челябінің, Троицктің, Қорғанның, Татарстанның, Башқұртстанның әртістері. Қазан және   Уфа театрларымен тығыз байланыс орналасқан, олар гастрольдік сапармен Қостанайға келіп тұрады.

Татар мәдениет Күндері қызықты өтуде, хош иісті шай мен поэтикалық кештер  негізіндегі "Аулақ үй" татар отырыстары Габдулла Тукайға және басқа да белгілі Татарстан мен Башқұртстанның жазушылары мен ақындарына арналады.

2018 жылы  алғаш рет "Достық Үйі" бірлестікпен бірігіп, "Татар Кызы" атты қалалық сұлулық пен таланттың сайысын ұйымдастырып өткізді,  бұл сайыс енді дәстүрлі түрде өтіп тұратын болады. Конкурс, ең алдымен, татар халқының салт- дәстүрі мен тарихын дамытуға, сондай-ақ іс-шараларға  белсенді жастарды тартуға бағытталған.

Жыл сайын бірлестік өкілдері жаппай сенбілік жүргізеді,  Қостанай қаласы мен Қостанай ауданында жерленген мұсылман  зиратынын қалыпқа келтіруге де көңіл болып тұрады.                                                                  

Бірлестік белсенділері алғыс Күнін, халықтардың бірлігі Күнін, қалалық және облыстық іс-шараларын мерекелеуге қатысады.

Қысқаша ақпарат:

Алғашқы татар қоныс аударушылары Қостанайға 19 ғасырдың аяғында орнығып, Татар-Шәкір слободасын негіздеді, кейін Нариман деп аталып кетті. Бұл ауданда, әлі күнге дейін сақталған, Қостанайлық татарлар жыл сайын сенбіліктер жүргізетін, ескі мұсылмандар зираты бар. Қостанай тарихының қалыптасуы мен дамуына татар көпестері Яушевтер өз үлестерін қосты. 1893 жылы Ақ-мешіт салынды, ол 2016 жылдың қыркүйегіне дейін облыстық мешіт қызметін атқарды. Көрікті архитектуралық ғимаратында қазір  облыстық Достық Үйі орналасқан,  17 этномәдени бірлестіктері мен облыстық тарихи-өлкетану мұражайы жайғасқан. Өңірде қаңтар айының 2018 жылына 16 мыңнан астам татар және 3800-ден астам башқұрттар тұрады.

"Көпғасырлық салт-дәстүрлерді сақтау, тілді үйрену, тарих пен мәдениетті білу - осы әр қазақстандықтың басты басымдықтары", - деп әр кезде Мухсинова Закия Гарифовна айтатын. Осы кісінің идеясымен 1995 жылдың сәуір айында татар-башқұрт "Дуслык" ЭМБ құрылды.

Көптеген жылдар бойы, тұрақты жетекші бола отырып, ғажайып ұйымдастырушылық қабілетердіі иелене отырып, Закия Гарифовна айналасына пікірлестер командасын құрып, біріктіре алды. Қысқа уақыт ішінде, оның бастамасымен, этномәдени бірлестіктің жексенбілік мектебі ашылды, тілек білдірушілер ана тілін, мәдениетін, әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін білуге мүмкіншілік алды. Бүгінгі күндері оқытушы  "Дуслык" ЭМБ белсенді мүшесі Сериясы Сиит.

 2013 жылы бірлестіктің басшысы Хакимова Танзиля Рашитовна болды. 2014 жылы басшылыққа Ринад Вальтаевич Бектемиров келді. Жақында ЭМБ жастар қанаты «Булачак» - «Болашақ» бой көтерді,  Валерий Гумиров басшылық етеді.

"Дуслык" ЭМБ жанында өз қызметін жемісті жүзеге асырып жатқан  шығармашылық ұжымдары: "Ляйсан" вокалдық тобы (жетекші  Рамазан Насыбулин), "Дуслык" (жетекші - Дик Фирдаус), сондай-ақ вокалдық-фольклорлық ансамблі, "Байрам" Рудный қаласынан.

Қостанайдың танымал тұлғалары – қалалық және облыстық іс-шаралардың қоюшы-режиссері, "Карнавал" би ансамбілінің" жетекшісі Фахрутдинов Ш. А., облыстық адвокаттар алқасының төрағасы Хисматуллин Р. Ж., "Костанай Мұнай Өнімдері" ЖШС  директоры Файзуллин Р. Р., философия ғылымдарының кандидаты Качеев Д. А.,  бұрынғы  КСК-ның директоры  Капкаев Ш. М., "Біздің Газета" бас редакторының орынбасары         Т. Гафуров, М.Горький гимназиясының "Петрушка" мектеп театрының жетекшісі Хабибулина  Н.С., мәдени-демалыс Орталығының музыкалық жетекшісі  Вильдянов Р.