Chania
830
22.07.2024
«Асар» Белорус - балтық жағасының этномәдени бірлестігі (Қызметі уақытша тоқтатылды)

Төрағасы: Якушевич Сергей Ильич

Туған жылы: 26 сәуір 1968 жыл

Орынбасары: Буланов Алексей Валерьевич, Плеханова Елена Юрьевна

ЭМБ тіркеу күні: қазан 2016 жыл

Негізгі жобалар: Қауымдастық «Однофамильный спорт»  жобасының бастамашысы болып табылады, салауатты өмір салтын сақтауды спорт идеясы арқылы тектес азаматтарды біріктіру, жақын туыс қатынастарын дәріптеу. және жақын туыстарына көмектесу үшін оларға бір атаумен адамдарды біріктіру болып табылатын «Однофамильный футбол».Әр жыл сайын бірлестіктің белсенділері Белорус - балтық жағасының мәдениеті күнінің аясында «Бірлік біздің жүрегімізді ашады» халық шығармашылығының фестивалін өткізеді, Қостанайдың шығармашылық ұжымдары арасында жаңа есімдер анықталады.Сондай-ақ, ядролық апат құрбандарын еске алу Күніне орай митинг өткізу дәстүрге айналды. Қауымдастық мүшелері белсенділердің бастамасымен Жеңіс саябағындағы орнатылған ескерткіштің жанына жиналып, Чернобыль АЭС, Семей апаттарының салдарын жоюға көмектескендердің есімін құрметтеп, тағзым жасайды.Олар қалалық және облыстық іс-шараларға, ҚР халқының бірлігі күні, Наурыз мейрамы, алғыс айту Күні мерекелеріне қатысады.

Қысқаша ақпарат:

Облыстық Достық үйінде «Асар» Белорус - балтық жағасының ЭМБ ең жас болса да, тарихы бай этномәдени бірлестіктерінің бірі болып саналады. Ол 2016 жылдың 31 қазанында екі қауымдастықты - Белоруссиялық ЭМБ «Крынiца» және Балтық мемлекеттері халықтарының мәдени орталығы «Янтарь» біріктіру нәтижесінде құрылды.

Белоруссиялық «Крыніца» қоғамы 1999 жылдың желтоқсан айында пайда болды. Қоғамды қалыптастыруға және оның дамуына зор үлес қосқан Леонид Владимирович Шевченко болып табылады. Оның жетекшілігімен қостанайлықтардың сүйсіне оқитын, ай сайын шығатын «Зубр» газеті жарыққа шықты, газетте медицина рецептерінен басқа, Беларусь өмірінің жаңалықтары мен салт- дәстүрлері көрініс тапты.Қазақстанда және Қостанай облысында тұратын белорустар негізінен өткен он тоғызыншы және жиырмасыншы ғасырлардың басындағы белорус көшіп-қонушыларының ұрпақтары болып табылады және өткен ғасырдың 50-жылдары тың жерлерді игеруде белсенділік танытқандар. Облыста 13 мыңнан астам осы этностың өкілдері бар (2018 жылдғы қаңтар айының деректері).Кішкентай санына қарамастан, 2000 жылдың сәуір айында Балтық халықтарының «Янтарь» ұлттық-мәдени орталығы құрылды, оның төрағасы Сергей Ильич Якушевич болды. Орталықтың жұмысындағы басты басымдық - халықтың әлеуметтік осал топтарына көмектесетін қайырымдылық болып танылды. Сондықтан, Л.В. Шевченкодан кейін 2016 жылдың шілдесінде екі қауымдастықты біріктіру туралы шешім қабылданды, «Асар» атты символикалық атау берілді, бұл сөздің беларусь пен қазақ тіліндегі түсіндірмесі жалпы алғанда «Игі істерге бүкіл әлеммен үлкен көмек». Жаңадан құрылған қауымдастықтың көшбасшысы Якушевич болды.

Қауымдастықтың басты міндеті – тек қайырымдылықпен шектелмеу, сонымен бірге қоғам белсенділерінің шығармашылық әлеуетін дамыту, спорттық жобаларды жүзеге асыру. Мәселен, 2017 жылы ЭМБ төрағасының орынбасары Алексей Булановтың - «Однофамильный футбол» авторлық жобасы іске қосылды.

Жақында, қауымда түрлі ұлт өкілдерін біріктірген "Надежда" вокалдық ансамблі өз жұмысын бастады.