Байаман Таалайбек уулу - "ЕленаД" ЖШС коммерциялық директоры, Қостанай облысы "Асаба" қырғыз этномәдени бірлестігінің төрағасы
Туған күні: 22.03.1994 ж
Марапаттар:
- Қостанай облысының әкімі А. Б. Мұхамбетовтың алғыс хаты (2020 ж.)
Өмірбаяны
Байаман Таалайбек уулу 1994 жылы 22 наурызда Қырғызстан Республикасы, Ош облысында дүниеге келген. Бірінші сыныптан бастап Қостанай қ. № 14 ЖБББМ оқыды. 2016 жылы З.Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетін "заңгер" мамандығы бойынша бітірген.
Қостанай қаласының № 1 БЖСМ тәрбиеленушісі болып табылады, дзюдодан КМС, самбодан КМС және штанганы сығымдап көтеру бойынша МС спорттық разрядтары бар. 2004 жылдан бастап қазіргі сәтке дейін спортшы.
Еңбек жолын 2015 жылы "Банк Хоум Кредит" ЕБ АҚ несие менеджері қызметінен бастады. 2016-2017 жылдары - "Еуразиялық банк" АҚ кредит беру менеджері лауазымында қызмет жасады. 2017-2019 жылдары - "Ѕеnім" ЖШС менеджер лауазымы. 2019 жылдан 2020 жылға дейін "Болашак энд тракшен" ЖШС менеджері. 2020-2022 жылдары "Строй элит дом" ЖШС коммерциялық директоры. 2023 жылдан бастап "ЕленаД" коммерциялық директоры.
"Асаба" қырғыз қауымын 2024 жылы басқара бастады.
Құрбан Айт мерекесі кезінде бірнеше рет көп балалы жалғызбасты аналарға көмек науқандарын ұйымдастырды, бұған оның әлеуметтік желілеріндегі жарияланымдар дәлел бола алады. 2024 жылғы көктемгі су тасқынының салдарын жоюға қатысты.