Chania
351
28.06.2021
Қостанай облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің 2021 жылдың 2 тоқсанында атқарған жұмысы туралы ақпарат

2021 жылдың 2 тоқсанында Қостанай облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының 233 Қоғамдық келісім кеңесі өз жұмысын белсенді жалғастыруда  (облыстық - 1, қалалық, аудандық - 20, ауылдық – 210, ірі кәсіпорындарда – 2 («ССТКӨБ» АҚ, Рудный қаласындағы «Қостанай минералдары» АҚ).

Есеп беру аралығында Қостанай облыстық ҚХА Қоғамдық келісім кеңесі мүшелері  карантин жағдайында 248 онлайн іс-шара өткізді, іс-шараларға 3905-тен астам адам қатысты.

Короновирус індетінің таралуын болдырмау мақсатында ақпараттық-танымдық, идеологиялық, мәдени-ағартушылық онлайн іс-шаралар кешені дайындалды.

2021 жылдың 2 сәуірінде Қоғамдық келісім кеңесінің жаңа төрайымы Т.Б. Булгацевичтің қатысуымен Қостанай облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің онлайн отырысы өтті. Іс-шараға  барлық деңгейдегі ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің төрағалары  мен мүшелері, қала мен аудандардың ішкі саясат бөлімдерінің басшылары және Қоғамдық келісім кеңесінің жетекшілік ететін мамандары қатысты, отырыс барысында этносаралық жағдайларға қатысты және ҚКК жұмысы туралы мәселелер қарастырылды.

2021 жылдың 20-21 мамыры аралығында барлық деңгейдегі ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің төрағалары  мен мүшелері «Қазақстан өңірлерін дамытудың этнодемографиялық параметрлері» тақырыбына арналған  семинар-тренингке қатысты.

Бейімбет Майлин ауданының Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы мен мүшелері Ұлы отан соғысының Жеңіс күніне орай ҰОС ардагерлеріне теңестірілген тыл еңбеккерлеріне, ҰОС ардагерлерінің жесірлеріне, ауған сарбаздарына, Чернобыль апатының қатысушыларына, Семей полигонының құрбандарына қайырымдылық көмек көрсетті.

Қостанай қалалық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы  Ю.А. Харьяков азаматтардың көлік карталарына қол жеткізуіне көмек көрсетті, ТКШ өкілдерімен кездесулер ұйымдастырды.

Ұзынкөл ауданының Қоғамдық келісім кеңесінің жұмысы елді мекендерді абаттандыруға, медиацияны дамытуға, мұқтаж жандарға қайырымдылық көмек көрсетуге, жастар бірлестіктеріне қолдау көрсетуге бағытталған.  Қайырымдылыққа көп көңіл бөлінеді. ҚКК мүшелері көпбалалы, тұрмыс жағдайы жағдайы төмен, жас отбасыларға материалдық, әлеуметтік көмек көрсетумен айналысады.

Қарабалық ауданының  Қоғамдық келісім кеңесі «КШОС»    ЖШС-мен бірлесіп, тыл еңбеккерлерін қолдау мақсатында оларға азық-түлік жиынтықтарын табыстады, игі іске 150 000 теңге жұмсалды.

Қоғамдық келісім кеңесі  мемлекеттік мекемелермен бірлесіп,  12 көпбалалы жанұяға  азық-түлік  жиынтықтарын ұсынды, қайырымды іске 550 000 теңге жұмсалды.

2021 жылдың 2 тоқсаны барысында  барлық деңгейдегі Қоғамдық келісім кеңестері 11 өтінім қабылдады.

 Көпбалалы жанұяларды  баспанамен қамтамасыз ету бойынша 1  өтінім, өңірлерді абаттандыру бойынша 5 өтінім, қарттарға көмек көрсету, өрттен зардап шеккендердің тұрғын  үйін жөндеу үшін қаржылай көмек көрсету бойынша 5 өтінім қарастырылды, барлық мәселелердің шешімі  табылды.

Жоғарыда келтірілген мәліметтер негізінде «Қостанай облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері қоғамдағы жағдайларға бейжай қарамайды, төтенше жағдай (пандемия) кезінде бар білімдері мен күш-жігерлерін аямай, әрбір іске асқан жауапкершілікпен қарап, адамгершілік қасиеттерін танытып, мұқтаж жандарға әрдайым көмектесуге дайын және кез келген қиындыққа төтеп беруге әзір» деген қорытынды шығаруға болады.