Chania
205
28.06.2021
Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің 2021 жылдың 2 тоқсанында атқарған жұмысы туралы ақпарат

2021    жылдың   01  шілдесі   сәтінде   Қостанай   облысының   аумағында 22 Аналар кеңесі жұмыс істейді, 2021 жылдың екінші жартыжылдығында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесі сан түрлі форматтағы 123 іс-шара ұйымдастырып, өткізді, іс-шараларға 5836 адам қатысты.

Аналар кеңесі қызметінің басым бағыттарының бірі - қайырымдылықты дамыту.

«Біз - бір елдің балаларымыз» республикалық қайырымдылық акциясы аясында Аналар кеңесінің мүшелері оқуда жетістіктерімен танылған, халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан оқушылар үшін  Термопарк кешені бойынша серуен ұйымдастырды, жас өрендер мерекелік бағдарламаға қатысып, бассейнге шомылып, мәз-мейрам көңілмен тарқасты.

Қазақстан халқы Ассамблеясының еріктілері балаларды қорғау күні аясында қиын өмірлік жағдайға душар болған балаларды қолдау орталығының және кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының тәрбиеленушілері үшін мерекелік бағдарлама ұйымдастырды. Іс-шараға жүзден астам бүлдіршін қатысты.

Еріктілер ертегілер кейіпкерлерін сомдап, балаларды ерекше әсерге бөледі. Іс-шара соңына қарай бүлдіршіндерге «МИЛХ» («Возрождение» неміс этномәдени бірлестігі) ЖШС ұсынған дәмді балмұздақ  таратылып, кітаптар сыйға тартылды.

Мерейтойлық даталарға толы  жылы  Қостанай облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесі «Жетістікке жеткізер 30 қадам» айдарын іске қосты, іс-шара отау құрғанына 10 жылдан аспаған жанұяларға арналған, шығарылым барысында олардың Тәуелсіз, егемен Қазақстандағы өмір сүру жағдайы, болашаққа деген бірлескен қадамдары баяндалады. Отбасылық құндылықтарды сақтау, дұрыс қарым-қатынас орнату жолдарын анықтау, тұрмыстық, қаржылық, әлеуметтік және психологиялық мәселелерді шешу бүгінгі таңдағы өзекті тақырып және біздің  қоғамымыздың  ажырамас  бөлігіне айналды. Еліміздегі және облыс бойынша ерлі-зайыптылардың ажырасу фактілерінің жиілеуі  алаңдаушылық тудырады және сонымен бірге отбасылық дәстүрлерді, жағымды өнегелерді насихаттау қажеттілігін аңғартады.

Іс-шараның алғашқы қатысушылары ретінде Қостанай қаласында тұратын үлгілі жанұя - Салапаевтар отбасы таңдалды.

Қостанай облысының 85 жылдығын мерекелеу аясында Аналар кеңесі «Диқанның қолы алтын» айдарын іске қосты, іс-шараның мақсаты - өз өмірін туған өлкенің дамуына, елеулі еңбегімен танылған, атадан қолған Ұлы істі жалғап келе жатқан тұлғалар  мен олардың жанұяларына құрмет таныту. Іс-шараның екінші шығарылымы Федоров ауданының Федоров ауылында тұратын Бубликтер жанұясына арналған.

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы  Аналар кеңесінің жоспарын жүзеге асыру аясында А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетімен бірлестікте Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған «Ұлт ұстазы - Ы. Алтынсарин»  көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы ұйымдастырылды, іс-шараға филология, журналистика және педагогика факультетінің студенттері қатысты.

2021 жылдың 13 мамырында Халықаралық отбасы күнін мерекелеу қарсаңында «Отбасы - өмір айнасы» онлайн-конференциясы өтті, оған облыстың барлық өңірлерінің өкілдері қатысты, іс-шара барысында Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы  Аналар кеңесінің мүшелері мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері барлық қазақстандық отбасыларды Халықаралық Отбасы күнімен және Балаларды қорғау күнімен құттықтады.

Қостанай облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесі

«Өрлеу» Біліктілікті Арттыру Ұлттық орталығы» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша педагогика қызметкерлерінің біліктілін арттыру институтымен  және «Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасы» ММ «Ы. Алтынсарин атындағы Қостанай облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы» КММ бірлесіп, «Портрет на фоне времени. Я открываю Алтынсарина» («Уақыт кеңістігіндегі саяхат, Ы.Алтынсариннің жаңа қырларын тану») тақырыбында республикалық байқау-фотосессия сынды онлайн    жобаны    жүзеге  асыруда.   Бұл   жобаның    мақсаты   -  Ұлы ұстаз

Ы. Алтынсариннің тарихи-мәдени мұрасын насихаттау, Ы. Алтынсариннің өмірі мен қызметінің барлық қырларын көрнекі түрде көрсету және оның мұрасын қазіргі заманмен байланыстырып, өскелең ұрпаққа жеткізу. Жоба  міндеттерінің бірі - жаңа отбасылық дәстүрлер мен құндылықтарды нығайту.

Қостанай облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесі дәстүрлерді берік ұстанатын қазақстандық отбасын нығайтуға, отбасылық дәстүрлер мен құндылықтарды насихаттауға, тұлғаның рухани-адамгершілік қасиеттерін дамытуға, бейбітшілік пен қоғамдық келісімді қамтамасыз етуге бағытталған жұмысын жалғастырмақ.