2021 жылдың 2 тоқсаны сәтінде Қостанай облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық тобының құрамы - 28 адам, оның ішінде: ғылым докторлары - 8, ғылым кандидаттары – 12, магистрлер – 6, сарапшылар – 2.
Есеп беру кезеңінде облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық тобының мүшелері 2500-ден астам адамды қамтыған сан түрлі форматты 19 іс-шара өткізіп, қатысты. Іс-шаралар туралы ақпарат 100-ден астам БАҚ жарияланымдарында және әлеуметтік желілерде жарық көрді.
Карантин жағдайында ғылыми-сараптамалық топтың этносаралық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған жұмысы онлайн форматта өтті. 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеуге арналған іс-шараларды өткізу аясында облыстық ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының мүшелері 90-ға жуық адамды қамтыған 3 іс-шара өткізді. Ағымдағы жылдың 28 сәуірінде Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ғылыми-сараптамалық топ мүшесі, тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Жангелді Шаукенов басқаратын философия кафедрасының жанындағы Этносаралық және конфессияаралық келісім мәселелерін зерттеу орталығы «Бір шаңырақ астында» атты онлайн дөңгелек үстел ұйымдастырды, дәстүрлі іс-шара жоғары деңгейде өтті. Іс-шара барысында Қостанай облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобының төрағасы Денис Качеев «Единство народа – основа стабильности государства» («Халық бірлігі – мемлекет тұрақтылығының негізі») тақырыбына арналған баяндамасын ұсынды. Сонымен қатар, «Дуслык» татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің өкілі Гүлнар Латыпованың «Праздник объединения всех этносов, проживающих в Казахстане, день мира, дружбы, согласия и толерантности» («Қазақстанда тұратын барлық этностардың бірлік мерекесі, бейбітшілік, достық, келісім және толеранттылық күні» баяндамасы, Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Серікжан Исмаиловтың «Қазақстан халқы Ассамблеясы этносаралық келісімнің моделі ретінде» баяндамасы тыңдалды.
Ағымдағы жылдың 22 сәуірінде «Этносаралық қатынастарға сызат түсіретін ақпараттық контентті анықтау және оған қарсы іс-әрекет жасау үшін ғаламтор кеңістігін мониторингілеу» тақырыбына арналған Қостанай облыстық ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының кезекті отырысы өтті, іс-шара барысында журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасының меңгерушісі Амангелді Шүрентаевтың баяндамасы тыңдалды. А. Шүрентаев медиасауаттылықты насихаттауға және арттыруға назар аудару қажеттігін жеткізді. Ол А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің білім бағдарламасына «Медиасауаттылық» элективті пәнін енгізу жөніндегі ұсынысын білдіріп, бұл пәннің «Журналистика» мамандығының студенттеріне ғана емес, сонымен қатар, болашақ филологтар, биотехнологтар, техникалық мамандықтардың студенттері үшін маңызды болатындығын аңғартты.
Ағымдағы жылдың 25 мамырында ҒСТ мүшелері, А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ жанындағы «Рухани жаңғыру» орталығының мамандары «Алаш тарихынан тағылым: Әлихан Бөкейхан және Торғай-Қостанай өңірі» атты дөңгелек үстел өткізді. Дихан Қамзабекұлы, Сұлтан Хан Жүсіп, Бүркітбай Аяған, Зиябек Қабылдинов сынды танымал ғалымдар қатысты, іс-шараны филология ғылымдарының докторы, профессор Алмасбек Әбсадық жүргізді. Дөңгелек үстел барысында Қазақстан аумағында Қостанай аймағының сақталуына елеулі үлес қосқан Алаш Орда көшбасшысы Әлихан Бөкейхан бастаған Алаш Орда қайраткерлерінің тарихи еңбегі сараланды.
Ағымдағы жылдың 27 мамырында ZOOM онлайн-платформасы арқылы Қостанай облыстық ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының мүшелері А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ өкілдерімен бірлесіп халықаралық дөңгелек үстел өткізді. Конференция Экономика және құқық институтының директоры Әлібек Табулденов жүргізді. Іс-шараға 20 адам қатысты, Ресей Федерациясының Екатеринбург қаласындағы әріптестердің қатысуы конференцияны халықаралық деңгейде өткізуге мүмкіндік берді.
Ағымдағы жылдың 28 мамырында ҒСТ төрағасы Д.А. Качеев «Особенности межнациональных отношений в Житикаринском районе, как приграничный регион РФ» («Ресей Федерациясының шекаралас өңірі ретіндегі Жітіқара ауданындағы этносаралық қатынастардың ерекшеліктері») атты халықаралық дөңгелек үстелге сарапшы ретінде қатысып, «Анализ межэтнических отношений в приграничных районах Костанайской области. Состояние межэтнических отношений в Житикаринском районе» («Қостанай облысының шекаралас аудандарындағы этносаралық қатынастар мәселесі. Жітіқара ауданындағы этносаралық қатынастар жағдайы») атты баяндамасын ұсынды.
Жастардың ғылыми әлеуетін дамыту үшін ғылыми-сараптамалық кеңес мүшелері жас ғалымдарды зерттеу жұмысына белсенді тартуда. Бұл ретте, қоғамдық келісімнің қазақстандық моделіне арналған ғылыми жобалар байқауының өңірлік деңгейі ұйымдастырылған болатын, облыстық ҚХА ҒСТ мүшелері ғылыми жобаларды іріктеу жөніндегі комиссия жұмысына қатысты. Д. А. Качеев төрағалық етті, қазылар алқасының құрамын Ә. Н. Табұлденов, А. Б. Шалғымбеков, С. С. Исмаилов толықтырды.
Мониторинг, сараптамалық бағалау мақсатында өңірдегі этносаралық жағдайға әсер ететін оқиғалар мен фактілерге сараптамалық шолу жасалады; байқауларға ұсынылатын жобалар ғылыми тұрғыдан сараланады; ғылыми-зерттеу жұмысы жүргізіледі. Барлық материалдар отандық және шетелдік ғылыми журналдарда, конференция материалдарында жарияланып, жеке монографиялар, кітаптар, жинақтар ретінде жарық көреді.
Ғылыми-сараптамалық топ мүшелері бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратылатын бағдарламаларға қатысады. Теледидар, баспа және электронды БАҚ арқылы түсіндірме жұмыстар жүргізеді, Қазақстан халқы Ассамблеясының негізгі идеологияларын таратуға, тұрақтылық, бірлік пен қоғамдық келісімді сақтауға арналған сұхбаттық алаңдардың спикерлері ретінде шақыртылады. Облыстық және қалалық газет беттерінде этносаралық қатынастар, қоғамдық келісім, дін мәселелеріне, Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойына арналған Р.Ғ Нұрмағамбетовтың, Д. М. Легкийдің, Ю. Я. Бондаренконың, В. Г. Вишниченконың, Д. А. Качеевтің,
Ш. В. Саркисянның, А. Б. Шалғымбековтың және т.б. мақалалары жиі жарық көреді.
Ғылыми-сараптамалық топ мүшелері телевизиялық алаңдардың спикерлері болып табылады. Вишниченко В.Г., Качеев Д.А., Жақып Қ.Х., Әбсадыков А.А., Шалғымбеков А.Б. «Қазақстан-Қостанай» ОТРК таңертеңгілік «Тобыл таңы» бағдарламасының, «Бірінші студия» бағдарламасының, жаңалықтар форматындағы сұхбаттың қатысушылары болып табылады. Іс-шаралар барысында өзекті мәселелер (мысалы, этносаралық қатынастар, саяси құрғын-сүргін құрбандарын ақтау, қазақ халқының ағартушыларын ұлықтау) көтеріледі. Сондай-ақ, Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне (9 мамыр), Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға (31 мамыр) және т.б. ауқымды тақырыптарға арналған ақпарат таратылады. Мемлекет басшысының саяси бағыттары мен қаулылары түсіндіріледі.
ҒСТ топ мүшелерінің Қазақстан халқының бірлігі күніне, Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихына, маңыздылығына, этносаралық келісім мәселелеріне арналған мақалалары, сұхбаттары БАҚ-да жарық көрді, атап айтқанда В.А. Вишниченконың баяндамалары «Qostanai» ОТРК, «Алау» ТРК арқылы таратылып, «Костанайские новости» облыстық газетінде жарияланды, Қ.Х. Жақыптың, Р.Г. Нұрмағамбетовтың, А.А. Әбсадықовтың баяндамалары «Qostanai» ОТРК арқылы көрсетілді, Л.В.Саркисянның, Д.М. Легкийдің, Д.А. Качеевтің, С.С. Исмаиловтың мақалалары әлеуметтік желілерде жарияланды, О.Н. Евдокимованың мақалалары мен баяндамалары әлеуметтік желілерде, ҚХА онлайн-платформаларында жарық көрді.