2021 жылдың 01 сәуірі сәтінде Қостанай облысының аумағында
22 Аналар кеңесі жұмыс істейді, 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясы Аналар кеңесі сан түрлі форматтағы 102 іс-шара ұйымдастырып, өткізді, іс-шараларға 6993 адам қатысты.
Аналар кеңесі қызметінің басым бағыттарының бірі - қайырымдылықты дамыту.
Аналар кеңесінің мүшелері мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері қиын өмірлік жағдайға душар болған Қамысты ауданында тұратын Татьяна Блинованың жанұясына азық-түлік жиынтықтарын және киім-кешек табыстады.
Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 18 наурызында Наурыз мерекесін мерекелеу аясында «Игі істер күні» өткізілді, облыстық Аналар кеңесінің мүшелері Аналар үйіне барып, құрт, қымыз, бауырсақ, кәмпитпен толтырылған азық-түлік себеттерін тарту етті. Бұл бастаманы Әулиекөл ауданының Аналар кеңесі қолдап, «Жүректен жүрекке» акциясын ұйымдастырып, «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушілерін құттықтады.
2021 жылдың 8-15 ақпаны аралығында Әулиекөл ауданының Аналар кеңесі 10-17 жасар балалар мен жасөспірімдер арасында
«Менің балалық шағымның аспаны»;
«Бәрі де махаббаттан басталады» және т.б. тақырыптарға арналған көркемсөз оқу шеберлерінің байқауларын өткізді.
Байқауға аудандық жалпы білім беретін мектептерінен 50-ден астам оқушы қатысты. Байқаулар instagram әлеуметтік желісінде өткізілді. Жеңімпаздарға мадақтамалар мен алғыс хаттар табысталды.
Қазақстан халқы Қостанай облыстық Ассамблеясының Аналар кеңесі «Өрлеу» Біліктілікті Арттыру Ұлттық орталығы» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ-мен және «Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Ы.Алтынсарин атындағы Қостанай облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы» КММ-мен бірлесіп, халықаралық «Отбасылық жәдігерлер» атты телекомуникациялық жобаны іске асырды.
Жобаның мақсаты - өскелең ұрпаққа отбасының, қоғамның, мемлекеттің әлеуметтік-мәдени нормаларын, дәстүрлерін меңгертуге; жастарға патриоттық және адамгершілік тәрбие беруге, отбасылық рухани құндылықтар мен дәстүрлердің рөлін арттыруға, отбасы мен мемлекеттің тарихын және мәдени мұрасын зерттеуге, үздік дәстүрлерді ұрпақтан-ұрпаққа таратуды көздейтін білім беру.
2021 жылдың 1 наурызында Әулиекөл ауданы мектептерінің оқушылары Алғыс айту күніне арналған челленджге қатысты. Білімпаздар қазақ халқының Ұлы Дала еліне еріксіз қоныс аударған азаматтарға қолдау танытқанын паш етіп, халықтар достастығы, бейбітшілік пен келісім туралы туындыларды және тарихи өлеңдерді мәнерлеп оқыды.
8 наурыз қарсаңында Кеңес мүшелері «Мың алғыс!» челленджін ұйымдастырды. Іс-шара қатысушылары Әулиекөл ауданының тұрғындары өздерінің instagram парақшаларында ауларға, әйел-аналарға, ақ жаулықты әжелерге, құрбылары мен әріптестеріне арналған фото-бейнеқұттықтауларын жариялады.
Қостанай облысының 85 жылдығын мерекелеу аясында Аналар кеңесі Туған өлкені көркейтуге елеулі үлес қосқан азаматтарды қолдауға бағытталған «Диқанның қолы алтын» атты жаңа айдарды іске қосты. Бағдарламаның алғашқы шығарылымы Ұзынкөл ауданы Федоров ауылында тұратын Неред жанұясына арналған.
Отбасылық құндылықтарды насихаттау мақсатында Аналар кеңесінің мүшелері Наурыз мерекесін (онлайн форматта) өткізуге атсалысты. Ипбергеновтар жанұясы отбасының, ел-жұрттың, жеті атаның тарихы айтылып, шежіресі таратылатын «Шежіре күніне» арналған театрландырылған қойылым қойып, жас ұрпақтың шығу тегін білуі қаншалықты маңызды екендігін жеткізді.
Кішкентаевтар отбасы «Зияткерлік күні» атты іс-шараға қатысып, өскелең ұрпақты тәрбиелеуде маңызды орын алатын қазақ халқының ұмыт болған ырым-тыйымдарға тоқталды.
Қазақстан халқы Қостанай облыстық Ассамблеясы Аналар кеңесінің дәстүрлерді берік ұстанатын қазақстандық отбасын нығайтуға, отбасылық дәстүрлер мен құндылықтарды насихаттауға, тұлғаның рухани-адамгершілік қасиеттерін дамытуға, бейбітшілік пен қоғамдық келісімді қамтамасыз етуге бағытталған жұмысын жалғастырмақ.