Chania
352
25.03.2021
Қазақстан халқы Қостанай облыстық Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің 2021 жылдың 1 тоқсанында атқарған жұмысы туралы ақпарат

2021 жылдың 1 тоқсанында Қостанай облысында 233 Қоғамдық келісім кеңесі жұмыс жасауда (облыстық - 1, қалалық, аудандық - 20, ауылдық – 210, ірі кәсіпорындарда – 2 («ССТКӨБ» АҚ, Рудный қаласындағы «Қостанай минералдары» АҚ).

2021 жылдың бірінші тоқсанында Қостанай облысының Қоғамдық келісім кеңесі карантин жағдайында 170 онлайн іс-шара өткізді. Іс-шараларға 2914-тен астам адам қатысты.

Қазақстан халқы Қостанай облыстық  Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері «Алғыс күніне арналған үздік логотип» байқауының әділқазылары ретінде қатысты.

2021 жылдың 22 ақпаны-5 наурызы аралығында әлеуметтік желілерде «Туған елге мың алғыс!» республикалық челленджі ұйымдастырылды. Іс-шараға Қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі Н.И. Козлова және «Жаңғыру жолы» РЖҚ-ның төрағасы Мырзағалиев Руслан Жүсіпбекұлы қатысты.

Этномәдени бірлестіктердің жастар қанаттарының бастамасымен «Біздің қанымыз бір» атты акция өткізілді. Іс-шараға Қазақстан халқы Қостанай облыстық  Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері қатысты.

Амангелді аудандық Қоғамдық келісім кеңесі еріктілермен, мекеме басшыларымен бірлесіп, тыл ардагерлерінің, жалғызбасты зейнеткерлердің, мүмкіндігі шектеулі жандардың аулаларындағы қарды тазалады. Сонымен қатар, Қостанай облыстық  Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері «Қайырымды жұма» акциясының аясында тұрмыс жағдайы төмен жанұяларды азық-түлікпен және қатты отынмен қамтамасыз етеді.

Денисов аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы «Колос-фирма» ЖШС-мен бірлесіп, «Изюминка» би ұжымына материалдық көмек көрсетті.

Денисов аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы саясаткер-әйелдер клубының төрағасымен, аудандық мәслихат депутатымен бірлесіп, көпбалалы жанұяға 3 тонна көмір сатып алу үшін 36 000 теңге көлемінде материалдық көмек көрсетті, сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі балаларға жеке гигиена құралдарын сатып алу үшін 37 000 теңге және көмекке зәру мүмкіндігі шектеулі жанға азық-түлік жиынтығын сатып алу үшін 10 000 теңге көлемінде қаражат бөлді.

Облыстың 4 қаласындағы және 16 ауданындағы өңірлік газеттерде, мекемелердің ресми сайттарында, ғаламтор порталдарында, әлеуметтік желілерінде, көшедегі ЛЭД-экрандарда Қостанай облысы тұрғындарының тарихи тағдырлары туралы бейнематериалдар жарияланды. Бұл материалдардың мазмұны Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға, азаматтарға патриоттық тәрбие беруге және қоғамдағы этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтауға бағытталған болатын.

Қоғамдық келісім кеңесі 2021 жылдың 1-тоқсанында тиімді жұмыс атқарды. 1-тоқсан аралығында барлық деңгейдегі Қоғамдық келісім кеңестері 49 өтініш қабылдады.

Жол салу, газ тарту, көшелерді жарықтандыру бойынша 2, көпбалалы, тұрмыс жағдайы төмен жанұяларға материалдық, әлеуметтік көмек көрсету бойынша 31, аға буын өкілдеріне көмек көрсету, тұрғын үйлері өртенген азаматтарға жөндеу жұмыстарына қаражат жинау бойынша 16 өтініш қаралды, барлық мәселелердің шешімі табылды.

Қазіргі таңда Қазақстан халқы Қостанай облыстық Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері ұйымдастыратын іс-шараларға белсенді қатысады және әлеуметтік желілерге этносаралық қатынастарды нығайту тақырыбына арналған материалдарды жариялайды, азаматтық қоғам мен билік институттарының өзара байланысын қамтамасыз етеді, мемлекеттік органдардың жергілікті жерлердегі әлеуметтік-экономикалық іс-шараларды жүзеге асыруына  қоғамдық бақылауды жүзеге асырып, халық мәселелері бойынша мониторинг жүргізеді.

Жоғарыда келтірілген мәліметтер негізінде «Қостанай облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері қоғамдағы жағдайларға бейжай қарамайды, төтенше жағдай (пандемия) кезінде бар білімдері мен күш-жігерлерін аямай, әрбір іске асқан жауапкершілікпен қарап, адамгершілік қасиеттерін танытып, мұқтаж жандарға әрдайым көмектесуге дайын және кез келген қиындыққа төтеп беруге әзір» деген қорытынды шығаруға болады.