Қазақстанда медиация институты 2011 жылы заңмен бекітіліп, қолданысқа ене бастаған. 2021 жылы Қазақстан Республикасының Медиация туралы Заңының 10 жылдығына орай және Қазақстан халқы Ассамблеясы медиациясының 5 жылдығы аталып өтілмек. Қазақстан халқы Ассамблеясының медиацияны дамытудағы рөлі өте зор. Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымдары қызметінің қоғамдық келісімді қамтамасыз ету міндеті Медиация институтының міндеттерімен тікелей байланысты, сондықтан Ассамблеяның бұл бағыттағы тиімді қызметі қазақстандық қоғамда сөзсіз сұранысқа ие.
Әрбір қаладағы, аудандағы қоғамдық және кәсіби медиаторлар халыққа тегін медиативтік көмек көрсетеді. Сонымен қатар, Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы ММ «Қоғамдық келісім» КММ-нің ресми сайтында және әлеуметтік желілерінде онлайн режимінде медиаторға жазылу тәртібі көрсетілген, сондай-ақ ресми сайтқа кіріп, онлайн түрде медиаторға өтінім қалдыруға болады. Медиатор өтінім мазмұнымен, жағдаймен танысып, өтінім берушімен хабарласып, дау-дамайды шешу жолдарын түсіндіреді.
Ағымдағы жылдың 1-тоқсанында Қостанай облысында 1 медиация кабинеті, Қамысты ауданында 1 медиация кабинеті қызмет атқарады, сот ұйымдарында, әкімдіктерде, үкіметтік емес ұйымдарда 27 медиациялық алаң жұмыс жасайды. Мәліметтер қорына сәйкес облыс бойынша Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясының 19 қоғамдық медиаторы тіркелген, олар есептік кезең барысында отбасылық, азаматтық, әлеуметтік-еңбек және тұрмыстық жағдайларға қатысты туындаған 37 даулы мәселенің шешімін тапты. 2021 жылдың 1-тоқсанында медиация мәселелері бойынша 3 іс-шара өткізілді. Іс-шараларға 140-қа жуық адам қатысты.
Қазақстан халқы Қостанай облыстық Ассамблеясы медиация кеңесінің мүшелері, қалалық және аудандық қоғамдық медиаторлар халықпен түсіндірме жұмыс жасайды.
Еліміздегі қалыптасқан жағдайға байланысты медиаторлардың көбі онлайн форматта жұмыс жасауда, кәсіби медиатор Ким Н.В. азаматтармен тікелей жұмыс жүргізуге арналған және ЭЦҚ көмегімен медиативтік келісімдер жасауға мүмкіндік беретін iDocs электрондық бағдарламасын меңгеріп, жұмыс жасауда.
Мәселен, 2021 жылдың 28 қаңтарында ерлі-зайыпты кәсіби медиатор Н.В. Кимге жүгініп, бірлесіп қол жеткізген мүлікті бөлу жөніндегі өтінішін жеткізген болатын, кәсіби медиатордың арқасында 2021 жылдың 25 ақпанында ЭЦҚ көмегімен iDocs бағдарламасы арқылы медиативтік келісім жасалып, мәселе шешілді.
2021 жылдың басында «Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бастамашы болған «Медиация институтын» зерттеуге бағытталған бейнесабақтарды қамтитын онлайн жоба іске асырылуда, іс-шара аясында Г.Т. Латыпова (Қазақстан халқы Қостанай облыстық Медиация кеңесінің мүшесі) мектеп медиациясы тақырыбына тоқталды. Мектеп медиациясын зерттеу барысында 1. АҚШ-та мектеп медиациясының даму тарихы; 2. Еуропа мен Қазақстанда мектеп медиациясының даму тарихы;
3. Мектеп медиациясының негізгі бағыттары сынды тақырыптар қарастырылды.
Медиацияны бейнесабақтар арқылы насихаттау оң нәтиже көрсетті, медиаторлар мен қатысушылар (жеке кеңес беру, жұмыс жасау үшін) байланыс телефондарымен алмасты. Халықты қабылдауды онлайн өткізу - жаңашыл тәжірибе, заманауи медиацияны дамытуға нық қадам. Қазақстан халқы Қостанай облыстық Ассамблеясы Медиация кеңесінің мүшелері өңірдегі келісімді сақтауға және дау-дамайлардың алдын алып, келіспеушіліктерді шешуге бағытталған жұмысын жалғастыра бермек.
Елімізде қалыптасқан күрделі жағдайға байланысты ғаламторға сұраныс артқандықтан медиацияны насихаттауға арналған бейнесабақтарды қамтитын онлайн жоба тиімді азаматтардың арасында сұранысқа ие, жалпыға қолжетімді.
Қазақстан халқы Қостанай облыстық Ассамблеясы Медиация кеңесінің мүшелері өңірдегі дау-дамайлардың алдын алу, келіспеушіліктерді болдырмау мақсатында жұмыс жасауда. Қалалар мен аудандардағы қоғамдық медиаторлар Медиация институтын насихаттауда. Медиация кабинеттерінің және қоғамдық медиаторлардың жұмысы болашақта да қоғамдық келісім мен ұлтаралық бірлікті нығайтуға бағытталмақ.