Chania
412
25.03.2021
Қазақстан халқы Қостанай облыстық Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық тобының 2021 жылдың 1 тоқсанында атқарған жұмысы туралы ақпарат

2021 жылдың 1 тоқсаны сәтінде Қазақстан халқы Қостанай облыстық Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық тобының құрамы - 26 адам, оның ішінде: ғылым докторлары - 8, ғылым кандидаттары – 12, магистрлер – 4, сарапшылар – 2.

Есеп беру кезеңінде Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық тобының мүшелері 1200 адамды қамтыған сан түрлі форматты 38 іс-шара өткізіп, қатысты. Іс-шаралар  туралы ақпарат 45-тен астам БАҚ жарияланымдарында жарық көрді.

 Карантин жағдайында ғылыми-сараптамалық топтың этносаралық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған жұмысы онлайн форматта өтті.

Ғылыми-сараптамалық топ мүшелері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздіктің шежіресі» онлайн-ашық сабақтар өткізді. Іс-шара қатысушылары Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуының маңызды кезеңдерін еске алып, қол жеткізілген жетістіктерге тоқталды. Онлайн сабақтар қаланың 5 мектебінде өтті. Ашық сабақтар Қостанай қаласының 15 мектебінде өткізілмек. Іс-шара барысында Ә.Н. Табұлденов, Ж.А. Шәукенов, С.С. Исмаилов, А.Б. Шалғымбеков сынды ғалымдар баяндамаларын оқыды. Жоба алдағы уақытта да жүзеге асырылмақ.

Ғылыми-сараптама тобының мүшелері Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясының бастамасымен ұйымдастырылған «Алғыс айту күніне арналған үздік логотип» байқауының әділқазылар алқасының қатарына енді.

Байқаудың басты міндеті - Қазақстанға қоныстанған сан түрлі этностардың шығу тарихын насихаттау, ортақ құндылықтарды белгілеу, өзара құрмет  сезімін қалыптастыру. Іс-шара барысында 92 жұмыс қаралды.

Ғылыми-сараптамалық топ төрағасының орынбасары О.Н. Евдокимова Қазақстан халқы Ассамблеясының «Алғыс айту күні» мерекесіне арналған «Туған елге мың алғыс» республикалық челленджіне қатысты.

Халықаралық әйелдер күніне орай ғылыми-сараптамалық топ мүшелері: Ә.Н.Табұлденов, В.Г. Вишниченко, Д.А. Качеев, А.Б. Шалғымбеков, А.М. Шүрентаев «ХХІ ғасырдағы әйел бейнесі» жобасына қатысып, әйелдердің қоғамдағы алатын орнына тоқталды.

Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық тобының мүшелері жалпы білім беретін мекемелермен, студенттермен, өзге мекемелердің өкілдерімен этносаралық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын  ұйымдастырып, өткізеді. Ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі, философия кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты, философия кафедрасының этносаралық және конфессияаралық келісім мәселелерін зерттеу орталығының жетекшісі  Жангелді Шәукенов «Ұлтаралық және дінаралық алауыздықты тудыру қаупі мен салдары» атты дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелге құқық қорғау органдарының қызметкерлері, Қостанай облысы әкімдігінің дін істері басқармасының, этномәдени бірлестіктер мен конфессиялардың өкілдері, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің профессорлары, оқытушылары мен студенттері қатысты.

М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің жалпы білім беру пәндері кафедрасының жанындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы орталығы мен «Рухани жаңғыру» жобалау кеңсесі және А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің жанындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы ауқымды жұмыс атқаруда.

Ағымдағы жылдың 15 ақпанында М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет агенттігінің «Мәңгілік мұра - Мұқағали Мақатаев» атты кезекті «адалдық сағаты» өтті. Онлайн сабақ барысында қадамгердің әдідік пен адалдыққа, патриотизмге арналған және Туған елге деген құрмет, сүйіспеншілікті арттыратын туындылары алынды.

«Алғыс айту күні» мерекесіне орай Ө. Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институттың акт залында «Ұлы дала мәрттігі» атты тақырыптық кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында корей және поляк этномәдени бірлестіктерінің өкілдері Василиса Ким мен Виктор Радомский студенттерге «Алғыс айту күні» мерекесінің тарихын баяндап, толеранттылық пен ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталды.

Алғыс айту күні ел тарихындағы маңызды оқиға Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуымен тұспа-тұс келетін мереке, Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуының 26 жылдығына орай Қазақстан халқы Қостанай облыстық Ассамблеясының мүшесі, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің профессоры Валерий Вишниченко келісім мен достықтың қара шаңырағына айналған Ассамблеяның қалыптасу тарихымен таныстырып, маңызды статистикалық деректерді келтірді.

Ғылыми-сараптамалық топ мүшелері бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратылатын бағдарламаларға қатысады. Теледидар, баспа және электронды БАҚ арқылы түсіндірме жұмыстар жүргізеді, Қазақстан халқы Ассамблеясының негізгі идеологияларын таратуға, тұрақтылық, бірлік пен қоғамдық келісімді сақтауға арналған сұхбаттық алаңдардың спикерлері ретінде шақыртылады.

 Ю.Я. Бондаренконың, В.Г. Вишниченконың, Д.А. Качеевтің, А.Б. Шалғымбековтың және т.б. этносаралық қатынастар, қоғамдық келісім, дін мәселелеріне, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің мерейтойына арналған  мақалалары облыстық және қалалық газет беттерінде жиі жарық көреді.

Ғылыми-сараптамалық топ мүшелері телевизиялық алаңдардың спикерлері болып табылады. Вишниченко В.Г., Жақып Қ.Х., Шалғымбеков А.Б. және т.б. «Қазақстан-Қостанай» ОТРК таңертеңгілік «Тобыл таңы» бағдарламасының, «Бірінші студия» бағдарламасының, жаңалықтар форматындағы бағдарламаның белсенді қатысушылары. Әлеуметтік желілердегі жарияланымдар кең сұранысқа ие.

2021 жылы көптеген мерейтойлық даталар мен атақты тұлғалардың мерейтойларын мерекелеу жоспары құрылды. Жоспарды орындау аясында А.Б. Шалғымбеков Әлихан Бөкейхановтың 155 жылдығына арналған бейнедәріс өткізді.