Chania
409
11.01.2022
Ғабит Сундетбаев: «Біз Президент тапсырмаларының орындайтын "Еститін мемлекетті" барынша қолдаймыз»

 - Мемлекет басшысы Қ-Ж. К. Тоқаевтың бүгінге белгілеген Парламент Мәжілісіндегі отырысқа Үкімет басшысының кандидатурасын ұсынып, жаңа Үкімет басшысы болып Әлихан Смайылов тағайындалды. 


  Негізгі сөзінде Президент елімізде болған оқиғаға баға бере келе, бейбіт шерумен басталған халықтың әлеуметтік-экономикалық талаптарын қойуға арналған жиындарын, әккі лаңкестік топтардың пайдаланып мемлекеттік төңкеріс жасамақ болғанын атап өтті. Ондай қара ниетті топтармен бетпе-бет келген полиция қызметкерлері мен әскер қатарындағы жас сарбаздар өмірлерін қиды, олардың отбасына, туғандарына көңіл айтамыз. 


  Алда еліміз дамуының бағыттары мен көптеген кедергілерді жою міндетін жаңа Үкіметке тапсырды және өзінің тікелей бақылауына алатынын мәлімдеді. 
 ҰҚШҰ-ның әскери контингенті тұрақтылық орнауына сәйкесті он күн аралығында елдеріне оралатынын айтып өтті. 


   «Қазақстан халқына» қоры құрылатынын және оның жұмысына барынша адал адамдардың басқаруы керектігін ескертті. Мемлекет қаражаты есебінен қисапсыз байлыққа қол жеткізгендер мен қаржыны сыртқа заңсыз жолмен шығарушыларға тосқауыл қойылатыны халық ризығының өзіне бұйыратыны қарапайым халықтың пайдасына шешілуіне жаңа Үкіметтің жаңаша өңірлерді дамытуға жоспар әзірлеуін тапсырды. Біз Президент тапсырмаларын орындайтын «Еститін мемлекетті» барынша қолдаймыз.
Ғабит Сундетбаев, Жангелді аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы.