Chania
384
09.12.2021
Қостанайда «жомарт жандар» марапатталды Барлық құқықтар қорғалған.

Қостанай облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында этномәдени бірлестіктердің меценаттарын марапаттауға арналған «Жомарт жан» атты салтанатты іс-шара өткізді.

 

Қайырымдылық жасаушыларға құрмет танытуға арналған рәсім Жастар сарайында өтті. Ұйымдастырушылар меценттар мен қонақтарды қасиетті қара домбыраның әсерлі де әуезді әуенімен қарсы алды. Қатысушылар үшін шай дастарқаны және концерт ұйымдастырылды.

 

«Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» ММ басшысы Жұрқабаев Марат Кенжебекұлы игі іске асық асыл жандардың (25 адам) еңбегін жоғары бағалап, марапаттады.

 

- Мұндай іс-шаралар 2016 жылдан бері іске асырылып келеді, өзге адамдарды жақынындай көріп, қуанышына себепкер болатын, қайырымдылықпен айналысатын азаматтар елеусіз қалмауы тиіс. Барша облыс тұрғындарының атынан Сіздерге алғыс білдіремін. Өзара мейірімділік пен қолдау көрсетудің арқасында біз біртұтас ел екенімізді тағы бір мәрте дәлелдеп қана қоймай, өскелең ұрпақ үшін үлгі боламыз, - деді Марат Кенжебекұлы.

 

Қайырымдылық – Қазақстан халқы Ассамблеясы жұмысының басым бағыттарының бірі. Мәселен, этномәдени бірлестіктердің белсенді мүшелері 2021 жыл барысында 213 қайырымдылық акция өткізді, 10 мыңға жуық адамға көмек көрсетілді, игі істерге 89 млн. теңгеден астам сома жұмсалды.

 

Источник: https://assembly.kz/news/ostanayda-zhomart-zhandar-marapattaldy/