Chania
484
06.07.2020
Елбасының мерейтойы: Нұрсұлтан Назарбаевқа 80 жыл!

Анна Уварова, музыкант, вокалист, Қостанай облысы жастарының «Алтын кітабының» лауреаты
 - Мен 2006 жылы 7 жасымда облыстық Достық үйінің ашылу салтанатында Нұрсұлтан Әбішұлымен алғаш рет кездестім, іс-шара барысында «Біз біргеміз» әнін орындадым.  «Біздің күшіміз бірлікте» деген ән жолдарын есіме алған сайын, олардың мағынасына тереңірек үңіле отырып, бұл сөздің қаншалықты рас және біздің көпұлтты мемлекетіміз үшін, Елбамыз әрдайым басты орынға қоятын бейбітшілік пен келісім үшін қаншалықты маңызды екендігіне көзім жетті.
Бұл кездесу мен үшін мақтаныш пен қуаныш сыйлады. Елбасының өмірлік жолың енді бастағалы тұрған өрендерге «Еліміздің мақтанышы болып өсіңдер»  деген жүрекжарды тілегі біздің бағытымызды айқындады.


Елбасының бұл ақ тілегі мен үмітін ақтаймын деген құлшынысым жаныма жылу береді, Отаныма,  халқыма деген сүйіспеншілік пен адалдықты арттырып, еліме еңбек етуге талпындырады.
Менің Елбасымен әрбір кездесуім болашақ тағдырыма ерекше әсер ететін сәттерге толы.


2016 жылы Достық үйінің ашылғанына 10 жыл толуына арналған іс-шараға қатысып, «Сильные люди» әнін орындадым. Татулықтың мекенінде тұрып жатқан мықты адамдар туралы ән айту мен үшін құрмет. 
Елбасының Қостанай облысының жұртшылығымен кездесуінде жастардың атынан сөз сөйледім. Бұл мен үшін үлкен жауапкершілік және шексіз қуаныш болды. Елбасы менің толқуымды түсініп, қолдау танытты және әрбір баяндамашыға ерекше көңіл бөлді.  Осындай сәттерде Көшбасшы мен халықтың арасындағы байланысты, жарқын болашаққа деген ұмтылысты көруге болады. 


Елбасыға менің қазақ тілінде сөз саптау мәнерім ұнады және менің «Алтын микрофон» вокалдық байқауына қатысқанымды білетіндігі таң қалдырды. Мен Елбасы үшін бірнеше ән шырқадым. Нұрсұлтан Әбішұлы менің келешекке құрған жоспарларымды сұрады. 17 жасар бойжеткен - Мен мамандық таңдап жүрдім, қаржы, тіл білімі, арт-менеджмент салаларын қарастырдым.  Қазақ халқының әуендерін орындау арқылы ән әлемінен, шығармашылықтан бағымды тапқан Мен, дұрыс таңдау жасадым, бұл - Елбасының менің музыкалық қабілеттерімді жоғары бағалағанының арқасында деп білемін.


Сол кездесуден кейін Нұрсұлтан Әбішұлы мені еліміздің тарихы үшін айтулы мереке – Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған концертке қатысуға шақырды. Музыкалық әлемнің атақты әртістерімен бір сахнада тұрып ән айтуым, танымал композиторлардың сүйемелдеуімен өнер көрсетуім, өзім тыңдап өскен Александр Зацепиннің  музыкасына бойлап, шабыттануым менің шығармашылық өмірбаянымның айрықша эпизоды. 
Мерекелік концертте өнер көрсеткеннен кейін Елбасының қатысуымен өтетін іс-шараларға шақыртылдым. Мол тәжірибе жинап, өнер десе ішкен асын жерге қоятын дарынды адамдармен байланыс орнаттым. Олардың арасында  Ескендір Хасанғалиев, Лаки Кесоглу, аты аңызға айналған «JCS» тобы, Ренат Гайсин бар.
Биік белестерді бағындырған Димаш Құдайберген, Данэлия Төлешова, Жанар Дұғалова сынды жас орындаушылармен танысып, ерекше әсер алдым олармен кездескеннен кейін музыкалық қабілетім шыңдауға кірістім. Алланың құдіретімен дарыған талантымның, Елбасының қамқорлығы  мен қолдауының арқасында шығармашылық жолымда талай жетістіктерге жетемін деген сенімдемін.
Бүгінде мен Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студентімін, Қазақстан халқы Ассамблеясының жыл сайынғы сессиясының және облыстық, халықаралық деңгейдегі көптеген концерттердің тұрақты қатысушысымын, Қостанай облысының Меценаттар клубы сыйлығының лауреатымын.


Әрқашан өнер саласында және мәдени іс-шаралардың төңірегінде жүргендіктен жеке тәжірибеме сүйене отырып, Қазақстанда шығармашылық әлеуетті дамыту үшін көптеген жағдай жасалатынын, ұлттық рухани байлықты, бірлік пен толеранттылықты сақтауға көп көңіл бөлінетінін айта аламын.
2018 жылы өнер академиясынан жолдама алып қыркүйек айынан желтоқсан айына дейін Финляндиядағы Оулу қаласында академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша «Pop and jazz» мамандығына түсіп, білім алдым. 
Бұл 100-ден астам елден келген студенттермен мәдени тәжірибе алмасуға, қазақ елін халықаралық деңгейде танытуға және кәсіби өсуге керемет мүмкіндік болды, 
Мен Финляндия еліндегі студенттер мен оқытушыларды ата-бабадан мирас болып келе жатқан ұлттық мәдениетті, ғасырлар тереңінен жеткен рухани, мәдени құндылықтардың сақталуы үшін мемлекет тарапынан жасалып жатқан шаралармен таныстыруға тырыстым. Мен ұлттық дәстүрлерді ұдықтаған  елдің патриоты болғаныма бақыттымын.


Менің Елбасымен, Ұлт көшбасшысымен кездесуім болашақ тағдырымды айқындады. Мен Өз елім, өз халқым үшін аянбай қызмет етемін, өсіп келе жатқан ұрпаққа рухани және мәдени құндылықтарды дарытамын. Менің ойымша, Нұрсұлтан Әбішұлымен әрбір адамның тағдыры байланысты. Себебі, біз «Бір ел, бір халық, бір тағдыр» деп өмір сүрудеміз. Ал мемлекеттің жолы оның Көшбасшысымен айқындалған жол. Елім деген Елбасы – дара тұлға, дана тұлға.