Chania
515
02.07.2020
#КостанайцыиЕлбасы

Мәди Ихтиляпов, «Шолаксай - 1» ЖШС директоры, Қостанай облыстық ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі:

- Маған Елбасының алдында алғаш рет сөз сөйлеу құрметі 2017 жылғы Н.Ә. Назарбаевтың Қостанай облысына өңірдің ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерімен кездесу сапарында бұйырған болатын. Елбасының алдында сөз сөйлеу мен үшін үлкен қуаныш, биік абырой. Ол жерде аздап қобалжыдым. Себебі, Елбасыны үлгі тұта жүріп, ол кісімен қол алысып амандасуым кеудемде мақтаныш сезімін кернеді. Еліміз деп істеп жүрген барлық еңбегіміздің бағаланатындығы осындай кездесулерде екінші тыныс береді. Көзбе-көз сөйлесіп алда жетер жетістіктеріңмен бөлісу, менің өзіме, еліме деген сенімділігімді одан әрі арттыра түсті.

Сол кезде рухы биік адамның жаны да таза, ділі де таза екенін ол кісінің сөйлеген сөзінен, парасатты жүзінен, ашық-жарқын мінезінен аңғардым. Нұр¬сұлтан Әбішұлының бойында иненің жасуындай менмендік, тәкәппарлық дегендердің бір белгісі жоқ екенін, «ұлық болсаң, кішік бол» деген осы екен ғой деп риза көңілмен ой түйдім.
Мен ең алдымен, Н.Ә. Назарбаевтың көшбасылық қасиетін үлгі тұтамын. Себебі, көшбасшылар әрқашан адамдарды жандандырады және батылдығы арқылы келешекке деген сенімділік береді. Елбасы ел тарихындағы шешуші кезеңдерде, тәуелсіздікті аңсаған халқының арманын орындап, жүзеге асырды. Ол кісінің көрегендігі мен ерік-жігерінің арқасында еліміз әлеуметтік-экономикалық жағынан өркендеп, әлем елдеріне үлгі болды.

Біздің еліміздің аграрлық саладағы саясатының дамуы және жан-жақтан қолдау табуы Тұңғыш Президентіміздің ауыл шаруашылығының басым бағыттарын дамыту еңбегінде деп санаймын. Егемендігіміздің алғашқы күнінен бастап Елбасының тікелей қадағалауы мен тапсырмалары бойынша ауыл шаруашылығын дамытуға әсер тигізіп, ықпал жасайтын әрекеттер жасалынды.
Елбасының: «Отандастарымнан бөлек уайымым да жоқ, олардан бөлек қайғым да жоқ. Нені болса да елмен бірге көремін, елмен бірге төземін, елмен бірге жеңемін» - деген сөзі мен үшін өмірлік ұстаным.