Chania
463
27.04.2020
Алла Чечеткина: ""Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесу менің өмірімді, ішкі жан дүниемді айтарлықтай өзгертті""

Мен алғаш рет Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Нұр-Сұлтан қаласында 2019 жылы өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVII сессиясында көрдім. Мен аталмыш іс-шараға арнайы спикер ретінде шақырылған болатынмын. Қозғаған басты тақырыбым - қазақ халқының тілі, салт-дәстүрі, мәдениеті. Қазақ халқының, Елбасының алдына шығып сөз сөйлеу мен үшін үлкен жауапкершілік пен жоғары құрмет болды.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен кездесу менің өмірімді, ішкі жан дүниемді айтарлықтай өзгертті. Өсіп келе жатқан ұл-қыздар мені үлгі етеді. Көбісі осы баяндамамның арқасында мені естіп, мен туралы біле бастады. Маңызды факторлардың бірі – біздің өсіп келе жатқан жастарымыз мемлекеттік тіліміздің маңыздылығын түсіне бастады.
Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев барша Қазақстан халқына үлгі боларлық біртуар тұлға. Негізінде, үлкен мемлекетті басқарып, оның қал-жағдайың ойлау үлкен жауапкершілікті талап етеді.

Қазақстанның жастары Елбасыдан үлгі алып, сол кісі сияқты мықты болулары керек деп ойлаймын. Барша қазақстандықтарды Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!