Төрағасы: Блок Сергей Иванович
Туған жылы: 12 маусым 1969 жыл
Орынбасары: Шик Елена Викторовна
ЭМО тіркеу күні: желтоқсан 1991 жыл.
Негізгі жобалар: Жыл сайын «Weihnachten» - «Рождество», «Ostern» - «Пасха», «Muttertag» - «День Матери» атты неміс халқының дәстүрлі мерекелері шын жүректен қызықты да, көңілді өткізіліп тұрады. Немістерді депортациялау тақырыбына байланысты орталықтың белсенділері дәстүрлі түрде іс-шаралар ұйымдастырады.
Жыл сайын облыс орталығында өңірдің барлық шығармашылық ұжымдары өнер көрсететін "Begeisterung" - "Шабыт" неміс мәдениетінің фестивалі өтеді. Сондай-ақ, "Neue namen" халықаралық вокалдық байқау да өткізіледі.
"Возрождение" ҚБ жанында ауыр науқасты, мүмкіндіктері шектеулі адамдарға, аз қамтылған отбасыларына, ардагерлерге - халықтың ең аз қорғалған топтарына қайырымдылық және медициналық көмек көрсету бойынша әлеуметтік қызмет көрсету жобасы жұмыс істейді.
Орталықтың белсенділері Қазақстан халықтарының бірлігі күні мен Алғыс айту мерекесіне, қалалық және облыстық іс-шараларына белсенді қатысады.
Қысқаша ақпарат:
1941 жылы ҰОС басталуымен біздің аймаққа 39 мыңнан астам немістер жер аударылып келген болатын, олар Қостанай облысының дамуына өз үлесін қосып, бүкілқазақстандық тарихының бір бөлігіне айналды.
Қазақстанда алғашқылардың бірі болып, әрбір аймақта өз филиалдарын ашқан "Возрождение" неміс мәдени орталығы болып табылады.
Қостанайда неміс қауымдастығы 1991 жылдың желтоқсанында тіркелді. Сол кезде оны, қазіргі Қазақстан немістер Қауымдастығының президенті Александр Федорович Дедерер басқарды. 2001 жылдың шілде айынан Виктор Мартынович Ульрих төраға болды. С 2013 жылдан Сергей Иванович Блок, «Милх» ЖШС директоры және құрылтайшысы, өңірге танымал меценат орталықтың басшысы.
2016 жылдың соңында "Возрождение" ҚБ өзінің 25 жылдығын үлкен концерттік бағдарламамен атап өтті, бұл мерейтойға Германияның ҚР Елшісі Рольф Мафаэль қатысыт. Сол мерейтой қарсаңында, қазақстандық немістердің тұрмысы мен мәдениетінің мұражайы орналасқан, Неміс мәдени орталығы ашылды. Экспозицияға төрт жүзден астам бірегей сирек кездесетін жәдігерлер, оның ішінде ХІХ және ХХ ғасырлардағы қоныс аударған неміс отбасыларына тиесілі заттар да назарға ұсынылды. Өткен ғасырдың 90-шы жылдары немістердің тарихи отанына кетіп жатқан үрдісін жиі байкауға болатын, араға жылдар салып, көшіп кету процесі қысқарғанын аңғаруға болады.
Облыста 28 мыңнан астам этникалық немістер тұрады (деректер 2018 жылдың қаңтары).
Қостанай қ., Рудный қ., Қарабалық, Денисов, Әулиекөл, Федоров, Таран аудандарыда неміс халқы көп шоғырланған. Айта кетейік, соңғы өңірде жергілікті аудандық мұражайда бірегей құнды неміс сабо сақталады (ағаш аяқ).
Облыс бойынш 12 неміс орталығының филиалдары тіркелген, әрбір орталықта жас ерекшеліктеріне шектеусіз барлық қалаушыларға жұмыс істейтін жексенбілік тіл мектебі бар. Түрлі өнер түрлері бойынша неміс шығармашылық студиялары мен үйірмелер желісі жұмыс істейді (театр, хореография, вокал, аспаптық музыка, фотосурет, қолданбалы халық шығармашылығы, аспаздық).
Орталық ұқсас облыстық қауымдармен өзара өте белсенді араласа отырып, Қазақстандағы жалғыз неміс драма театрының (Алматы) Қостанайға гастрольдік сапарын ұйымдастырады. Барлық ұлт өкілдерінің жастарын біріктірген, орталықта 15 жылдан астам "Maximum" неміс жастарының клубы жұмыс істейді.
Клуб белсенділері түрлі концерттер, карнавалдар, экологиялық жобалар, этнографиялық экспедициялар, жазғы кампустар ұйымдастырады.
Облыстың танымал тұлғалары – Альберт Рау мәжіліс депутаты, РК даму және инвестициясы бойыншабұрынғы вице-министрі, Виктор Мейстер мен Евгений Аман Қостанай облысының бұрынғы әкім орынбасарлары, Василий Розинов «Иволга-Холдинг» ЖШС бұрынғы президенті, Иван Вечтейн «К.Маркс» атындағы ЖШС директоры, Виктор Шерер «Фрунзенское» ЖШС директоры, Владимир Кригер стенд ату бойынша спорт шеберіне үміткер, жеке кәсіпкер, Владислав Галбен суретші, Федоров ауданының Финк отбасылық дәрігерлер династиясы.