Chania
815
27.02.2023
Украиндардың облыстық қауымдастығы

Төрағасы: Костенко Петр Евгеньевич

Туған жылы: 16 ақпан 1976 жыл

Орынбасары: Фролова Любовь Ивановна

ЭМБ тіркелген күні: наурыз 1994 жыл.

Жастар қанаты. Көшбасшысы: Денис Тесленко

Туған жылы: 27 маусым

Негізгі жобалар: Қауымның бірінші төрағасы Андрей Кирилюканың бастамасы бойынша 1997 жылдан бері облыста украин халық шығармашылығының фестивалі өтуде, бұның өзі өңірдегі игі істердің бірі болып табылады. Фестивальға облыстың барлық қалалары мен аудандарының шығармашылық ұжымдары, жеке орындаушылар қатысады. Фестивальға этникалық украиндар және басқа да ұлт өкілдері қатысады олар қуана-қуана ән салады,  халық билерін билейді, әзіл көрсетеді. Сондай-ақ қауым жыл сайын есеп беру концерттерін  ұйымдастырады, сол концерттер аншлагпен аяқталады.

Қауымның белсенділері жыл сайынғы славян фестиваліне, ҚР халқының бірлігі Күніне, Рождестволық святкаларға, Этностардың мәдени күндеріне қатысады.

Қысқаша ақпарат:

Статистикаға сәйкес, Қазақстанда тұратын этностардың арасынан украиндықтар саны жағынан үшінші орында. Өңірде 74 мың украин тұрады (деректер қаңтар 2018 жылғы). Негізінен украиндар Қостанай, Рудный, Лисаков  қалалары мен Қостанай  ауданында көп шоғырланған.

Столыпин реформасы украиндықтардың Қазақстанға келуіне ықпалын тигізді, өңірге Полтава, Харьков, Херсон губернияларынан шаруалар келді. Украиндарды Қазақстанға жаппай көшіру Ұлы Отан соғысының кезінде басталды. Мәселен, Қостанайға атақты Херсон тігін фабрикасы "Большевичка" көшіріліп әкелінген болатын, сол фабрика бүгінгі күнге дейін жұмыс істеп тұр. Тағы да өңірге украиндардың  үлкен ағын келуіне тың және тыңайған жерлерді игеру мен көтеру  ықпалын тигізді.

Брусник Д. Я., В. Рыдченко, Ковтун Н.М., Харченко С. В. Заика, А. В., А. В. Заруба, Шекетера П. А., Граб В. Д. бастамашы тобының шешімі бойынша 1993 жылдың 3 желтоқсанында құрылған облыстық украиндықтар қауымдастығына кірді. Төрағасы болып бірауыздан талантты ұйымдастырушы, ақын, публицист, белсенді қоғам қайраткері Андрей Михайлович Кирилюк сайланды. Қысқа уақыт аралығында қауым өзі туралы бүкіл облысқа жария етті, осыдан  кейін  Рудный, Лисаков, Қостанай қалалары мен  Жітіқара, Сарыкөл, Қарасу аудандарында филиалдар ашылды.

Уақыт өте келе Украинаның елшілігімен байланыс қалпына келтірілді, ал 2004 жылдың мамыр айында Қостанайда  Құрметті Украина елшілігі ашылды. Қостанай және Ақтөбе облыстары бойынша Украина Құрметті консулы болып, "Костанайский печатный двор" ААҚ президенті тағайындалды. Анатолий Владимировичтің бастамасымен 20 жылдан бері Қазақстандағы украиндардың өмірі туралы жарияланымдар ай сайын "Печатный двор" газетінде жарық көреді.

Екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға, украин халқының тарихи отанынан тыс жерде  мәдениетін, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін  Андрей Кирилюкке  "Украинаның  еңбек сіңірген мәдениет қызметкері" атағы берілді.

Ал бірнеше жыл өткен соң, Анатолий Тарасенко да "ерен еңбегі" үшін үшінші дәрежелі орденмен марапатталды (Украинаның мемлекеттік марапаты). 2017 жылдың қазан айынан бастап  қауымның жаңа кезеңі  шахматтан халықаралық гроссмейстер Петр Евгеньевич Костенконің басшылығымен басталды.

Қауымның ішінде бай шығармашылық өмір орын алды. 7 жылдан астам тұрақты түрдегі республикалық фестивальдердің,  қалалық және облыстық іс-шараларының  қатысушысы - «Лира» украин әндерінің  вокалдық ансамблі. Басшылық ансамблі Фролова Любовь Ивановна, ол осымен қоса қауым төрағасының орынбасары болып табылады.  2015 жылы ол "Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл"  естелік медалімен  марапатталды.

Қостанай облысы украин қауымының лайықты өкілдері болып саналатындар қатарында бұрынғы "Костанайские новости" газетінің  бас редакторы  Сергей Харченко, спорт династиясынан Матвиенко отбасы, Қостанай облысының мемлекеттік Мұрағатының директоры, бұрынғы мәжіліс депутаты  Валерий Вишниченко,  "Агрофирма Диевская" ЖШС директоры Олег Даниленко, композитор және дирижер Андрей Заруба, облыстық филармонияның әншісі Ольга Квитка, профессор, философия пәнінің оқытушысы Юрий Бондаренко, тарих ғылымдарының докторы Дмитрий Легкий, тарихшы-өлкетанушы Петр Черныш,  «Ирина и К» "ЖШС директоры  Александр Корчинский.