Chania
692
03.07.2019
Костанайская русская община сибирских казаков

Этномәдени бірлестіктің тіркелу мерзімі: 2005 жыл

Этномәдени бірлестіктің төрағасы: Шилов Олег Геннадьевич

Туылған мерзімі: 1967 жылғы 25 мамыр

Этномәдени бірлестіктің құрамы: 70 адам

Қысқаша ақпарат: Қостанай облыстық Сібір казактарының бірлестігі Геннадий Шилов пен Василий Воропаевтың бастамасымен 2005 жылы құрылған болатын. Бірлестік төрағасының Сібір казактарының бірлестігін құрудағы мақсаты казактарды орыс халқынан ерекшелейтін мәдениет пен дәстүрлерді таныту. 15 жыл аралығында бірлестік құрамында 150-ден астам адам болды. Қазіргі таңда бірлестікте отыздан астам адам бар. Бірлестіктің асыл мұраты – казак халқының дәстүрін, мәдениетін жаңғырту.

Бірлестіктің негізгі жобалары: «День матери-казачки» («Аналар күні») Сібір казактары бірлестігінің дәстүрлі мерекесі. Бұл мереке қаңтар айының соңында тойланады, концерттік бағдарламалар қойылып, сан түрлі байқаулар ұйымдастырылады. Бірлестік мүшелері маңызды мерекелердің бірі - Рождествоны ерекше атап өтеді. Бірлестік мүшелері казак халқының тарихы мен мәдениетінің зерттелуіне көп көңіл бөледі. Этномәдени бірлестіктің іргесі қаланғаннан бері казак халқының тарихынан сыр шертетін 12-ге жуық кітап шығарылды. Казак халқының дәстүрлерін жаңғырту мақсатында бірлестік мүшелері Троицк, Петропавл, Омбы, Томск және Новосибирсктегі казак халқының бірлестік мүшелерімен ынтымақтастық орнатуда.

Сібір казактары бірлестігінің шақыруымен Троицк халықтық казак хоры ағымдағы жылдың маусым айында Қостанайға келіп, өнерлерін паш етті. «Мирас» мәдениет үйінде өткізілген іс-шара жоғары деңгейде өтті.

Бірлестік төрағасы Шилов Олег Геннадьевичпен өткізілген сұхбат - https://assembly.kz/news/oleg-shilov-my-reshili-sozdat-obshchinu-chtoby-kultivirovat-osobennosti-kultury-i-traditsiy/