Chania
928
11.07.2018
«Шарк» тәжік-өзбек этномәдени бірлестігі

Төрағасы: Холметов Эргашвой Эрматович

Туған жылы: 15 мамыр 1950 жыл

ЭМБ тіркеу күні: сәуір 2003 жыл.

«Шарк» жастар қанаты. Көшбасшысы: Тахир Шерметов

Туған жылы: 15 мамыр 1992 жыл

Негізгі жобалар: Шығыс тағамдарының мерекесі дәмді және әдемі болып табылады. Қауым өз ұлттық тағамдарымен дастархан жаяды, қонақтарға дәстүрлі палау, Ташкенттен әкелінген  хош иісті  қауындар мен жемістер ұсынылады. Күз мерекесінің сыйы атты  мереке отбасылық үлгідегі "Жанұя" балалар ауылының және  қостанай қалалық балалар баспанасының балалары мен жасөспірімдеріне  арналып, дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады. Тәжік-өзбек мәдениет Күндері өте әсерлі өтеді, онда дәстүр бойынша белгілі ертегі кейіпкерлері Ходжа Насреддин және Бобо-Дехкон қатысады.

 Бірлестік белсенділері "Жібек жолы" шығыс мәдениеті фестивалін, "Наурыз мейрамы", ҚР  халқының бірлігі Күнін,  алғыс Күнін мерекелеуге қатысады.

«Шарк» ЭМБ қайырымдылық акцияларына қатысады. 15 жылдан астам тұрақты негізде отбасылық үлгідегі "Жанұя" ауылына қамқорлық танытуда.

Қысқаша ақпарат:

"Шарк" аудармасы "восток" тәжік-өзбек этномәдени бірлестігін құруға бастамашы  болған Эргашвой Эрматович  Холметов.

Қостанай облысында тұратын өзбектер мен тәжіктерді  "бір қанаттың астында" жинау 2003 жылы жүзеге асты, дәл сол кезде ЭМБ тіркелді. Қостанай облысында олардың 1 саны мыңнан астам (қаңтар 2018 жылғы дерек).

Эргашвой Эрматович – мейірімді адам, тарихи отанынан жырақта болса да, өз ұлтының тарихы мен  мәдениетін, салт-дәстүрін сақтауға бар күш- жігерін салып жүр. Оның арқасында Қазақстандағы Тәжікстан Республикасы Елшілігімен байланыс қалпына келді,  Тәжікстан мен Өзбекстанда іскерлік байланыс ұйымдастырылды. ҚР әділет Министрлігі мен Тәжікстан Республикасы әділет Министрлігімен "өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайту, білім беру саласындағы әділет органдары мен мекемелерінің қызметкерлердің біліктілігін жоғарылату туралы" келісім Тәжікстанның талапкерлеріне Ш.Қабылбаев  атындағы ҚР ІІМ Қостанай академиясында жоғары білім алуға мүмкіндік береді. Келген студенттер тұрақты көрермендер ғана емес, сонымен қатар олар тәжік-өзбек қауымының іс-шараларына қатысады, туған тілінде ән айтады, халық билерін билейді, ұлттық музыкалық аспаптарда ойнап, өз өнерлерін көрсетеді

Қауымның өкілдері белсенді түрде облыстық орталықтың мерекелік концерттеріне қатысады. Солардың бірі-Нигора Косимова.Ол Өзбекстанда туған, бірақ бірнеше жылдан бері Қостанай қаласында тұрады. Апасы екеуі «Юлдуз» атты би дуэтін құрып, ЭМБ атынан көптеген түрлі іс- шараларда өз өнерлерін көрсетіп жүр. Хасана Холметовтың жеке орындауында тәжік халқының керемет әндері шырқалып жүр. Қауымда аға буынға лайықты жастар өсіп келеді, олар Дариға мен Дильназ Холметовтер,  Шахерезад Қайдар. Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармониясының "Костанайские зори" би ансамблінің труппасында өзбек этносының өкілі Тахир Шерметов өнер көрсетеді.

Тәжік этносының белгілі өкілдерінің бірі Қостанай облысының агроөнеркәсіп саласындағы ірі кәсіпкер, "МельАгропром" ЖШС құрылтайшысы - Талиб Санакулов, ол ұнды экспортқа шығарумен ғана айналысып қоймай, зығыр майын өңдейді, мал шаруашылығы бойынша инвестжобаны жүзеге асыруда. Қолынан келгенше ЭМБ Эргашвой Эрматовичке оның орынбасарлары - Фоток Восиев және Абдукахор Сафаров көрсетеді. Олар жиі кіші Отанына барып тұрады, ол жақтан қызықты ұлттық тұрмыстық заттарын, асүй құрал-жабдықтарын, тоқыма өнерінің заттарын, музыкалық аспаптарын, алып келеді, сондықтан қауымның көрмесі өте қызықты өтеді, танымдық жағынан да үлкен зоры бар. Эргашвой Эрматовичтің өзі де, қазақ тілін жетік біледі, дөңгелек үстелдер, конкурстар, концерттер мен түрлі іс-шараларға белсенді түрде қатысқаны үшін бірнеше рет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.