Қостанай облысының белорус қауымдастығы 2022 жылдың мамыр айында құрылды.
Бірлестік қызметінің мақсаты:
- белорус халқының мәдениетін, тілін, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын жаңғырту және дамыту;
- қазақстандық патриотизмге, басқа этностардың мәдениетін, салт-дәстүрлерін, тілін құрметтеуге тәрбиелеу, Қазақстан халқының бірлігін нығайту;
- шет елдердегі белорус диаспорасының қоғамдық ұйымдарымен және халықаралық қоғамдық бірлестіктермен түрлі салалардағы ынтымақтастық, Беларусь Республикасымен және қоғамдық ағарту ұйымдарымен тікелей байланыс орнату;
- Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметіне белсенді қатысу.
Қауымдастық басшысы ретінде белгілі қостанайлық жүргізуші, қалалық мәслихат V шақырылымының депутаты Евгений Владимирович Сотников тағайындалды.
Оның бастамасымен белорус тілінің тегін онлайн курстары ұйымдастырылды. Тіл үйрету сабақтарын жүргізу үшін жас әрі перспективті ғалым – Александра Козополянская шақырылды. Ол диаспоралар мен көші-қон тарихы зертханасы басшысының орынбасары және М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің тарих факультетінің ғылыми қызметкері болып табылады.
«Азатлык» башқұрт этномәдени бірлестігі 2021 жылдың 25 қарашасында құрылды. Оның төрағасы болып кәсіпкер Салават Вальшин сайланды.
Қазіргі уақытта қауымдастық құрамына 40 адам кіреді. Жарғыға сәйкес, этномәдени бірлестік Қазақстанда тұратын башқұрттарды қолдау бағдарламасын жүзеге асырумен, сондай-ақ башқұрт халқының тарихы мен мәдениетін насихаттауды ұйымдастырумен айналысады, қайырымдылық жұмыстарына қатысып, ұлтаралық қатынастарды жетілдіруге ықпал етеді.
Осылайша, белсенділердің күш-жігерінің арқасында Башқұртстан Республикасы күніне, Йыйын халық мейрамына, Жаңа жылдық ертеңгіліктерге арналған іс-шаралар өткізіліп жатыр. Бірлестік мүшелері үшін башқұрт мәдениетін зерттеу бойынша семинар-тренингтер өтеді.
Бірлестік жастары «Ассамблея жастары» жастар қозғалысының өміріне белсенді ат салысады.