Егін мерекесін «Возрождение» неміс этномәдени бірлестігі атап кетті.
Қауым әдеттегідей биыл дәстүрлі «Erntedankfest» мерекесін неміс үйінде емес, рудныйлық мектеп сарайы базасында өткізді. Концерт алдында қонақтар фойеде орналасқан балалардың жыл бойы қолданбалы өнер үйірмесінде өз қолдарымен жасаған жұмыстарын көре алды. Бұл жерде кестелер, аппликациялар, моншақтан жасалған әшекейлер және көркем суреттер көрсетілді.
Көрме бойынша экскурсия өткізген қауым төрағасының орынбасары Елена Шик Рудныйдағы балалар өте белсенді екенің атап кетті: олар тек қолөнермен айналысып қоймай, театралдық үйірмелерге барады және де аудармасы «айна» деген мағынаны білдіретін «Шпигель» ұжымында бидейді. Көп жылдар бойы оның жетекшісі Любовь Батурина болып келеді.
- Барлық қосымша сабақтар біздің мәдениет орталығымыздың демеушілігінде деп, - Елена Викторовна айтып кетті. Ортақ еңбек жемістерін көру өте қуанышты. Осы мереке театр мен би ұжымымен бірге ұйымдастырылды. Таңдау нақты Рудный қаласына түсті, өйткені осы балаларға да қуаныш сыйлағымыз, іс-шараға мәртебе беріп, өңірлерде осындай деңгейде іс-шаралар өткізуге болатындығын көрсеткіміз келді.
- Көрмені көріп болған соң, көрермендер көкрермендер залында жайғасып, кішкентай әртістер орныдаған неміс ертегісіне шомылды.
- Ерте заманда шаруалар егінді қорғайтың, өсуге көмектесетін өздік ерекше рух болғандығына сенген деп, - жас жүргізуші қыз сахна үстінен айтып кетті. Немістер ғасырлар бойы келе жатқан сенім арқылы, шаруаға көкөністердің өсіп жетілуіне рух көмектеседі деп сеніп келген. Егер адам тәжірибесіз және білмегендіктен рухты ашуландырса, онда қыста оның отбасы аш қалуы мүмкін деп сенген. Сондықтан шаруалар рухты ашуландырмай, көп жақсылық жасаған.
Сахнаға бірінен соң бірі шығып балалар қызықты қойылымдар, күлкілі билер билеп, неміс тілінде көрермендерге жұмбақтар жасырып, соларға жауап алып отырды. Тамаша әртістер ортасында болған уақыт, зымырап өте шықты және тек жанға жағымды әсер қалдырды.