Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Медиация кеңесі төрағасының орынбасары Ольга Евдокимова, Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық медиаторы Гүлнар Латыпова мен «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының төрағасы Руслан Мырзағалиев Затобол кентіндегі № 3 мектеп-гимназиясының жоғарғы сынып оқушылары үшін медиация бойынша семинар-тренинг өткізді.
«Медиация арқылы балалардың жеке тұлғалық әлеуметтену барысындағы олардың рухани, ұнамды құндылықтарын түсіндіріп, өзара сыйластыққа, түсіністікке шақырып, оқушылар арасындағы кикілжіңдерді жоюға болады, сонымен қатар, оқушылар өзге адамның жан дүниесін ұғып, орын алған келіспеушіліктерді өздігінен реттей алады» - дейді Гүлнар Латыпова.
«Мектептегі медиация және халықтық дипломатия» секциясы барысында оқушылар медиация институтының даму тарихымен, медиация процесінің негізгі кезеңдерімен танысты.
Іс-шараның практикалық бөлімінде оқушылар тапсырма орындады, яғни туындаған қиындықтардың шешімін табуға тырысты.
Семинар-тренинг қатысушылары жаңа білім алып қана қоймай, сертификаттарға ие болды.