Chania
678
11.09.2019
Кeremet nátıje! Керемет нәтиже!

Этномәдени бірлестік өкілдері жалпықазақстандық ашық диктанқа қатысты 
Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен «Мың бала» мәдени-ағартушылық жобасы аясында екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған іс-шара жемісін беруде. 
Биылғы диктант мәтіні Жастар жылына арналды.
«Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халыққа жолдауында қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлін күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналдыру қажет деп атап көрсеткен. «Қазақстан» дегенде көз алдымызға еңселі Елордамыз, тарихи-мәдени нысандар, мемлекеттік рәміздер келеді. Ал, тіл - халықтың тұтас кескін келбеті, болмысы. Әрбір адам бірнеше тіл меңгеруге талпынуы қажет, қазіргі заманда көп тіл  білу - дербес табыстылықтың міндетті шарты.  Этномәдени бірлестік  төрағаларының  диктант жазуға келгендігі көңіл қуантады. Менің ойымша, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері  мемлекеттік тілді  ұлтаралық тіл  деп санайды», - деді алғысөзінде облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Бибігүл Аққожина.  
 Достық Үйіне, Ы. Алтынсарин атындағы облыстық кітапханаға, С. Мәуленов атындағы гимназияға, «Тілдарын» тілдерді оқыту орталығына жиналған қауым бір уақытта диктант жазды.  Әрбір қатысушыға транскрипция ұсынылды. Қазақ, ағылшын тілдерін меңгеріп жүрген жастар диктантты еркін жазса, аға буын өкілдері шамалы қиналды. 
«Латын тілінде диктант жазу  қиынға соқты, бір тілден екінші тілге ауысу оңай емес. Сонда да Диктантты жақсы жазуға тырысып бақтым», - дейді «Nadzieja» поляк этномәдени қоғамдастығының төрағасы Виктор Радомский. 
Достық Үйінде диктант жазғандардың жартысы үздік баға алды. Сауаттылығымен танылған азаматтар ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған «Ұлы дала ұрпақтары» фестивалінде марапатталады. 
Қостанай облысының 15 мыңға жуық тұрғыны диктантқа қатысқан.