Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының консультативтік-кеңестік органдарының өкілдері мен этномәдени бірлестік мүшелері Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Халыққа жолдауын талқылады.
Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің төрағалары мен белсенділері және қоғамдық пікір көшбасшылары жаңа саяси кезеңнің басталуын белгілейтін басты мемлекеттік құжат – Президенттің Халыққа жолдауын қолдады.
Достық Үйінде өткен дөңгелек үстел қатысушылары Жолдау туралы өз пікірлерін жеткізді.
«Тұжырымдамасы анық бұл Жолдау нәтижелі жұмыстарға бастайтынына сенімдімін. Мен бұрын құқық қорғау органдарында қызмет атқарғам, сондықтан да Президенттің азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне назар аударғандығы менің көңілімді қуантады. Президент өз сөзінде құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру, есірткі бизнесі, педофилия, жыныстық зорлық-зомбылық және жеке тұлғаға қарсы жасалатын басқа да ауыр қылмыстарға қатысты жазалау шараларын қатаңдату, ішкі істер органдарын реформалау сынды өзекті мәселелерді көтерді. Қасым-Жомарт Тоқаев елдігімізді одан әрі нығайтып, биіктен көрінетін тұлға», - деп санаймын деді «Nadzieja» поляк этномәдени бірлестігінің төрағасы Виктор Радомский.
«Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа арналған алғашқы жолдауы - жаңа мақсаттарға жетелейтін құжат. Президенттің еліміздегі еріктілердің қозғалысына айрықша көңіл бөліп, қолдау танытып, еріктілер қозғалысының көшбасшыларын еліміздегі ауқымды әлеуметтік міндеттерді шешу үшін белсенді атсалысуға шақырғаны құптарлық іс. Сондай-ақ, бұл жастарды біріктіру және мәдени және рухани құндылықтарды танытудың жаңа серпіні. Ел тізгінін ұстаған басшы ұлтаралық қарым-қатынасқа аса мән береді. Біз, жастар күш-жігерімізді еліміздің тұрақтылығы мен жарқын болашағына бағыттаймыз. Бәріміз бірге мемлекетімізді жаңа деңгейге көтеріп, толағай жетістіктерге жетеміз деген сенімдемін» - дейді Қостанай облысы бойынша «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының белсенді мүшесі Жанель Нұрмағамбет.
«Парламенттің екі палатасының отырысында сөз сөйлеген Президент таяу арада жүзеге асырылатын стратегиялық және негізгі тактикалық міндеттерді белгіледі. Ұлт болашағы білімді ұрпақ қолында. Мен ұстаз ретінде Президенттің білім сапасын арттыру, грант бөлу, бәсекеге қабілетті орта құру, мамандарды жұмыс орындарымен қамтамасыз ету, педагогтардың еңбекақысын 4 есе арттыру жөніндегі ұсыныстарын қолдаймын. Менің кәсіби бағытым – тарих саласы бойынша «Рухани жаңғыру» және «Туған жер» бағдарламалары аясында жастарға туған өлкесі, кіші Отанының тарихын танытуға бағытталған жұмыстар атқарылуда. Жолдауда осы аспектілер де қозғалған. Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен тамыз айының соңында студенттер Алтынсарин ауданының киелі жерлерін аралап қайтты. Жолдауда, жастар саясаты және әлеуметтік, денсаулық сақтау саласындағы мәселелер қозғалды. Менің ойымша, Президенттінің азаматтарға өз зейнетақы қорларындағы қаражатты қажетіне жаратуға мүмкіндік беру туралы шешімі өте орынды», - дейді Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының доценті Айбек Шалғымбеков.