Chania
545
06.09.2019
Танымал ақын Санкт Петербург қаласында шығармашылық кеш өткізді

Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі, жазушы, ақын Суслова Александра Ильинична «Невский альманах» журналының редакциясында шығармашыл зиялы қауым өкілдерімен кездесті.

Александр Ильиничнаның туындылары аталмыш журнал беттерінде үш рет жарияланған  және оның ақындық шеберлігіне тәнті болған басылымның бас редакторы Владимир Скворцов қазақстандық қаламгерді Санкт Петербург қаласына шақырып, шығармашылық кеш ұйымдастырды. 

«Владимир Степанович маған тек таңдаулы авторлар жиналатынын айтты, мен оның сөзіне аса мән берген жоқпын. Айтқандай-ақ, шығармашылық кешіме танымал тұлғалар, атап айтатын болсам,  ақын, қаламы ұшқыр жазушы, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, академик, БҰҰ сарапшылар тобының мүшесі Александр Ковалев, көрнекті жазушы, Санкт-Петербургтің сәулет кітаптарының авторы Юлия Лапина келді. Ол маған өзінің кітабын сыйға тартты. Өнер десе ішкен асың жерге қоятын осындай тұлғалармен танысқаныма қуаныштымын», - дейді ақын.

Ақынмен кездесуге 25 адам жиналды. Іс-шара барысында туындылардың жазылу тарихы, жаңашыл бағыттар, Қазақстан туралы сөз қозғалды.  

«Мен саясатқа қатысты мәселелерді талқылаудан бірден бас тарттым. Туған жер, Отан тақырыбына тоқталуды жөн көрдім. Ресей менің тарихи отаным болса, Қазақстан менің қазіргі Отаным. Қазақстан мен Ресей мен үшін егіз ұғым», менің бұл жерлерге деген махаббатымды сөзбен жеткізу мүмкін емес, - дейді қаламгер.

Мазмұнды да маңызды іс-шараның кейіпкері:  «Уақыттың қалай өткенін де байқамай қалыппын. Іс-шара соңында Александр Ковалев менің өнерімді бағалап, жиналған қауым зор ықыласын білдірді, мен үшін одан қымбат сый жоқ», - деп өз әсерімен бөлісті.

Александра Ильиничнаның келесі жыр жинағы жыл соңында жарық көрмек. Қалмгер поэзияны насихаттау мақсатында А.С. Пушкиннің өлеңдері басылып шыққан ресейлік баспадан қостанайлық авторлардың туындыларын шығаруды жоспарлап отыр.