Chania
611
11.07.2019
Маңызды кездесу

Этномәдени бірлестік өкілдері Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен кездесті

Мәжіліс депутаттары Қостанай облысына жұмыс сапары аясында этномәдени бірлестік өкілдерімен кездесті. Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Наринэ Микаелян және Қазақстан Коммунистік Халық партиясының өкілі Магеррам Магеррамов этномәдени бірлестіктер өкілдерінің сауалдарына жауап берді.

«Біз негізгі қызметімізбен қатар, жылына 4 рет аймақтарға шығамыз, халықтың әл-ауқатын анықтап, этномәдени бірлестіктермен кездесеміз. Мен Қостанайға алғаш рет келіп тұрмын. Достық Үйін аралап щығып, алтын дәнді өлкенің рухани байлығына таң қалдым. Біздің мақсатымыз – аймақ тұрғындарын алаңдататын мәселелерді  анықтап, Парламент деңгейінде шешу», -  дейді Наринэ Микаелян.

Іс-шара барысында этномәдени бірлестіктер мүшелері мен билік өкілдері мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру, Достық Үйі үшін арнайы ғимарат бөлу, мүмкіндігі шектеулі балалар үшін қолайлы жағдай жасау сынды өзекті мәселелерді талқылады.

Мәжіліс депутаттары этномәдени бірлестіктер өкілдерінің сұрақтарын және ұсыныстарын қарастырып, мүмкіндігінше шешімін табуға уәде берді.

Мәжіліс депутаттарының Қостанай қаласындағы  жұмыс сапары ағымдағы жылдың 18 шілдесіне дейін жалғаспақ.