Chania
660
02.07.2019
Облыстық Аналар кеңесі «Арыс балаларына көмек» акциясын бастап кетті.

Облыстық Достық үйінде гуманитарлық көмек қабылдануда. Қала тұрғындары тұрмыстық химия, азық-түлік, киім-кешек, балаларға арналған кітаптар мен бояу құралдарын әкелуде.

«Балаларға арналған мектеп формасын, киім-кешек, кеңсе тауарларын, тұрмыстық және гигиеналық заттарды, көрпе-жастық, ойыншық, кітап, тез бұзылмайтын азық-түлік өнімдерін қабылдап жатырмыз. Аудан тұрғындары қайырымдылық көмек ретінде тұрмысқа қажетті заттарды жергілікті Аналар кеңестерінің жанынан құрылған аумақтарға әкелуде. 3 шілдеге дейін жиналған гуманитарлық көмектің барлығы Арыс қаласындағы өрттен зардап шеккен жандарға жіберілетін болады», - деді Аналар кеңесінің төрайымы .

Сонымен қатар, Аналар кеңесінің ұжымы  Арыс қаласынан шыққан балаларды мектепке дайындау мақсатында мұндай акцияны  қыркүйек айында ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

 

Гуманитарлық көмек қабылдау орны:

Достық Үйі, Алтынсарин көшесі, 115 үй.

Анықтама телефондары: 8-777-653-54-73, 39-28-30