Chania
873
02.05.2019
Қазақстан халқының бірлігі күніне орай қуыршақтар, бауырсақ пен сүт өнімдерінің көрмесін ұйымдастырды

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Достық Үйінің ұжымы Қазақстан халқының бірлігі күніне орай қуыршақтар, бауырсақ пен сүт өнімдерінің көрмесін ұйымдастырды

Қазақстан халқының бірлігі күні қала тұрғындары мен қонақтары этноқалашықтарды аралап,  этномәдени бірлестіктер құрамындағы шығармашылық ұжымдардың қойылымындағы мерекелік концертті тамашалады.  

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблесы мен Достық Үйінің мерекелік бағдарламасы мен көрме жұмысы таңертең басталды.  Қуыршақтар экспозиясы көрсетілді: этномәдени бірлестіктерден, қуыршақ театрының, қазақ-француз орталығынан және қала тұрғындарынан 100-ден астам қуыршақ жиналды. Қостанайлықтар қамырдан, ағаштан, папье-машеден және фарфордан жасалған және тоқылған экспонаттарды көруге асықты.

Сүт өнімдерінің көрмесіне қымыз, қатық, шұбат, гатых (әзірбайжан халқының айраны), кілегей қосылып ұйытылған айран, адыгей  ірімшігі, чечил ірімшігі, құрт, сүзбе ірімшік т.б. өнімдер қойылды.   Бауырсақ көрмесіне бауырсақтың 20-дан астам түрі қойылды. Қазақ халқы ғана емес, татар, қырғыз, моңғол, найман, тіпті грек халықтары да дастарқандарына бауырсақ қояды екен.

Облыстық Достық үйінде жұмыс істейтін барлық этномәдени бірлестіктердің ұлттық тағамдары қойылған дастарқан басына сан түрлі ұлт жастары отырып, татулықтың белгісін көрсетті.

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов ұлттық тағамдардан дәм татып,  этноқалашықтарды    көріп    шықты,   этномәдени     бірлестік    ұжымдарына

3 млн.теңгелік сертификат табыс етті.

Өңір басшысы  тағамдардан  дәм татып, ақ мол болсын деген тілегін жеткізді.  Облыс әкімі «Асар» белорус-балтық жағалауы халықтарының этномәдени бірлестігі жастар қанатының көшбасшысы Дарья Тиминамен бірге матрешкаларды санап шықты. Олар тиісінше жетеу болды.

Қала орталығында орналасқан сахнадағы мерекелік бағдарламамен қатар, этноқаланың сахнасында этномәдени бірлестіктер құрамындағы шығармашылық ұжымдарының  концерті өтті.

Қостанайлықтар сондай-ақ неміс халқының ұлттық киімін және алтын бауырсақтың костюмін киген жастармен суретке түсті. Облыстық Достық үйінің ұжымы дайындаған фигуралар  мен сан түрлі ұлт өкілдері бейнеленген үлкен фотобейнелерді көрген халық таң-тамаша болды. Сібір казактары мереке қонақтарына бал қосылған шай ұсынды.

Ауа  райының  қолайсыздығына  қарамастан,  қостанайлықтар көрмені тамашалап, ұлттық киім киген жастарды суретке түсіп, өздері суретке түсіп,  шаттық пен қуаныш сыйлаған әртістермен бірге ән айтып, би биледі.