Биыл ең сұлу татар қызы болып Челябі МУ заң факультетінің бірінші курс студенті Руфина Гайнутдинова атанды.
Жыл сайын өткізілетін екінші сұлулық және талантты байқау Тектильщик мәдениет үйінде өтті, оған қаламыздың 300 астам көрермендері жиналды. Олар жарысқа қатысқан бес қыздың біреуіне жанкүйер болу үшін келді. Осы жолы байқауға қатысу үшін тек Қостанайдан ғана емес, сондай-ақ Қостанай ауданы мен Рудный қаласынан келді.
Екі апта бойы қыздар финалға дайындалды: ұлттық киімдерде фотоға түсті, калфак – әйел бас киімін тігуге және әшекейлеуге үйренді, өз этносының тілін, мәдениетін, тарихын және дәстүрін оқып білді, ал финалға барлық татарлардың сүйікті тағамы – тәтті чак-чак және шығармашылық нөмір дайындады. Көрермендер мен қазылар алқасы үшін қыздар ұлттық билерді билеп, достық туралы ән айтып, сонымен қатар скрипканың сүйемелдеуімен рояльда ойнады.
Байқауға қатысушылардың нөмірлерін білікті қазылар алқасы бағалады: облыстық Достық Үйінің басшысы Қаламқас Сандыбаева, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Шамиль Фахрутдинов, «Мисс Қостанай - 2011» Меруерт Тасмағамбетова, жобаның тұрақты серіктесі Оксана Зайнуллина және «Дуслык» татар-башқұрт ЭМБ төрағасы Ринад Бектемиров.
- Биыл байқау жақсы деңгейде өтті. Барлық қыздар тырысты, жақсы өнер көрсетті, бірақ тіл білімі біршама төмен болды, бұл жағын ескеріп, жұмыс жасайтын боламыз. Руфина – тамаша қыз, талантты, енді республикалық «Татар Кызы-2019» кезеңіне дайындалады. Маусым айында Руфина Ақтөбе қаласына Қостанай облысын таныстыруға барады. Байқауға дайындықты қызу бастаймыз, өйткені біздің бірінші жеңімпазымыз Дина Абдрахманова - «Татар Кызы» халықаралық байқауының финалына өтіп, жоғары жетістігін көрсеткен болатын, деп – қауым басшысы айтып кетті.
Руфина болса осы байқауға қатысып, жеңімпаз боламын деп ойламапты.
- Бұл байқауға қатыспаймын деген ойым болды, бірақ қызу дайындықтар жүре бастағанда, бұл ойым артта қалды. Мен кішкентай кезімнен сахнаға шығып жүрдім, қызу қызмет жұмыстары, дайындықтар өте ұнайды. Финал кезінде өте қобалжыдым, қазылар алқасының сұрақтарына жауап бере алмаймын ба деп қорықтым. Бірақ барлығы жақсы өтті, республикалық кезеңде облысты лайықты көрсетуге барлық мүмкіндігімді саламын деп, - «Татар Кызы Костанай-2019» айтып кетті.
Байқауға қатысқан қыздар да өздерінің лайықты атауларын алды. Қазылар алқасының ойлары бойынша «Ең сүйкімді» татар қызы Рудный қаласынан Лиана Хузина атанды. «Ең өнегелі» атағы Юлия Мухамеджановаға бұйырды. «Ең талантты» Қостанай ауданынан Томирис Мингазова және «Ең сымбатты» Эльнара Мингазова болып шықты. Айтпақшы, Эльнара көрермендер көзайымы жеңімпазы атанды. Оған 2 мың адам өз дайысын берді. Дауыс беруге барлығы 5 мыңнан астам қатысты. Барлық байқауға қатысушылар косметика жиынтығын, «Добрый пекарь» сауда маркасының торттарын, «Thai Market» дүкенінің, «Body pro» аппараттық косметологиясы студиясының және «Artist” Way» сауда белгісінің (қолмен орындалған тері бұйымдары) сертификаттарын алды.