Еврей қауымдастығының есеп беру және сайлау жиналысында орталықты басқару билігі Вадим Чашковке бұйырды.
2006 жылдан бастап еврей этномәдени орталығын Петр Николаевич Рубинштейн басқарған. Ол Чехословакиядағы ұрысқа қатысқан ардагер, өмір бойы қоғамдық қызметпен айналысқан. Оның бастамасымен, басшылығымен еврей этномәдени орталығы көптеген іс-шаралар өткізді. Өкінішке орай, 2018 жылдың желтоқсан айында Петр Николаевич (73 жасында) дүниеден озды. Этномәдени орталық басшысынан айрылды.
Бүгінгі таңда бұл қызметке этномәдени бірлестіктің жас және белсенді мүшесі Вадим Чашков тағайындалды.
Ол 1978 жылдың 13 қаңтарында Қостанай облысының Қамысты ауылында туып, өскен. А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің «Химиялық технология және талдау», сондай-ақ «Ағылшын филологиясы» мамандықтары бойынша бакалавриат және магистратура білім бағдарламаларын аяқтаған.
«Сарыарқа автопром» ЖШС және «АгромашХолдинг» АҚ басқарма бастығы, бас метрологі болып қызмет атқарады. Сонымен қатар, Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті жаратылыстану-математикалық факультетінің аға оқытушысы және А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің ІТ және робототехника кафедрасының ғылыми қызметкері.
Кәсіби музыкант, аспапшы, кларнет пен саксофон аспаптарын жетік меңгерген.
Оның репертуарында еврей ұлттық әндері, джаз және эстрадалық композициялар көп.
«МИЦВА» ҚБ еврей ұлттық музыкалық фестивалінің тұрақты қатысушысы, сондай-ақ еврей этномәдени орталығы ұйымдастыратын ұлттық, мәдени және діни мерекелерді өткізуде белсенділік танытады. 2004 жылдан бастап еврей қауымдастығы өкілдерінің қатарында.