Chania
725
29.01.2019
«Татуласу орталығы» пилоттық жобасы

Қазақстан халқы Ассамблеясының негізгі міндеттерінің бірі -Медиация институтының дамуына қолдау таныту. Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ бөлімі басшысының міндетін атқарушы Мырзағалиев Руслан «Нұр Отан» партиясының жанындағы  «Татуласу орталығы» пилоттық жобасының жұмысын қалыптастыру мәселелері талқыланған кеңеске қатысты.

Кеңес бейнебайланыс түрінде өтті. «Нұр Отан» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлімі басшының орынбасары А. Қ. Сансызбаев жобаның мақсаты мен міндеттеріне тоқталып, орталық қызметінің маңыздылығын жеткізді.

Медиация институтының көмегімен реттелетін, яғни кәсіби медиаторларды тарту арқылы шешімі табылуы мүмкін мәселелер бойынша халықтың қоғамдық қабылдауларға жүгінуі  «Нұр Отан» партиясы жанынан «Татуласу орталығын» құру  қажеттігін айқындап отыр, - дейді А.Қ. Сансызбаев. Ағымдағы жылдың мамыр айына дейін  жоба жоспары жан-жақты тақыланып, бекітілмек.