Chania
799
10.09.2018
Тілсіз білім жоқ, ал білім – өмірдің шырағы!

Ашық есік күнінде тіл мектептеріне жазылам деп ниет танытқандардың ойлары жүзеге асты.

Қостанай облысы этномәдени бірлестіктерінің жанында корей, польша, украин, армян, түрік және татар сынды алты жексенбілік мектеп бар.  Оқыту ақысыз негізде жүргізіледі.  Бүгінде барлық ниет білдірушілер өздерінің қалаған жексенбілік мектебіне жазылуға мүмкіндік алды. Облыстық Достық үйіне тіл үйренуге талпыныстары бар 100 адам келді.

Кәріс тілін меңгерту мектебіне ерекше назар аударылды. Бұл мектепке 50 адам жазылды. Құрам толығып, оқытушы Ким Радмила қабылдауды тоқтатты.  

- Мен аптасына екі рет кәріс тіліне үйретем. Бірінші сабаққа бұрын жазылған топ келеді. Екінші сабағымды жаңа топқа арнаймын.  Сондықтан тобыма 26 адам ғана қабылдай аламын. Қалғандарыңыздан байланыс ақпаратын алдық, орын босатылған жағдайда хабарласып, тобымызға қосамыз, - деп жеткізді Радмила Ким.  

Радмила Анатольевна 20 жылдан астам уақыт бойы кәріс тілін меңгертіп келеді. Ол бұл тілді университет қабырғасында Кореядан келген оқытушыдан үйреніп алған.  1996 жылы Ким емтиханды үздік бағаға тапсырып, Кореяға барған. Қазіргі уақытта Радмила Ким педагогикалық колледждің оқытушысы.

Түрік тіліне де аса назар аударылды. Бұл тіл мектебіне 30-дан астам адам жазылды. «Ахыска» түрік қауымының оқытушысы Зульфия Шимшилова түрік тілін меңгертеді. Сонымен қатар, бұл  мектепте екінші жыл бойы Рагим Агилов сабақ беруде. Ол Түркияда білім алып, тіл меңгерген.  

Поляк  тілін меңгеруге 10 адам жазылды. Польша этномәдени бірлестігінің Төрағасы Виктор Радомскийдің өзі қабылдау жүргізді және алғашқы сабақтарды да өзі өткізетін болады. Ал қазан айынан бастап  2014 жылдан бері поляк тілін  меңгертіп келе жатқан, поляк тілінің оқытушысы Ирина Гвоздецкая іс ісіне кіріседі.

Украин тілін меңгерту мектебінің қызметі ағымдағы жылдың ақпанынан басталған. Украин тілін Сергей Ивженко меңгертеді.

- Менің ата-анам Украинадан Қазақстанға көшіп келген. Мен украин тілін өздігімен 15 жыл бұрын меңгергенмін. Сонымен қатар, ағылшын тілін білемін, ал қазір парсы тілін үйреніп жүрмін. Менің тілдерді меңгерту ниетім бар, себебі тіл - халықтың рухани болмысы мен мәдениетінің қайнар көзі.  Белгілі бір халық мәдениетінің қыр-сыры тілінде жасырулы, -  дейді Сергей Ивженко.

Қостанайлықтар армян тіліне де қызығушылық танытты. Бұл тілді 8 жыл бойы армян этномәдени бірлестігінің өкілі Гаяне Чичоян меңгертіп келеді. Ал Қостанайдағы мектеп 20 жылдан астам уақыт бойы қызмет жасауда.

Қостанайда 20 жылдан астам уақыт бойы татар тілін меңгертіп келеді. Бұл іс «Дуслык» татар-башқұрт қауымының төрайымы Закия Гарифовна Мухинованың бастамасымен қолға алынған. Бүгінде татар тілдерінің өкілдері - қауым төрағасы Ринад Бектемиров және «Дуслык» этномәдени бірлестігінің белсенді мүшесі Сария Сиит.

Барлық оқытушыларға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Қостанайлықтар  көңілдері қалаған тіл мектептеріне жазылып қана қоймай, тілдерді меңгеруге қатысты викториналар мен байқауларға қатысып, сан алуан халық тілдерінде жасырылған  жұмбақтарды шешуде белсенділік танытты.