Chania
1002
03.09.2018
Шырынды, тәтті, хош иісі аңқыған!

Қостанайлықтар қарбызды өлшеулі уақыт аралығында жылдам жеп, тұқымдарын алысқа түкіріп, сәбилердің салмағын өлшеп қарбыз бен қауын күнін қызықты да думанды өткізді.

Мереке басында орталықта тәтті де шырынды қарбыздар мен хош иісі аңқыған қауындардан жасалған заттар, бұйымдардан көрме ұйымдастырылды. Үстел басына қойылған қайықтар, раушан гүлдер, құмыралар, себеттер, балықтар, бесікарбалар мен қуыршақтар көздің жауын алды. Мұның бәрі қарбыз бен қауындардан жасалған болатын. Біреулер өлең оқыса, енді біреулері қойылым қойып, үшіншілері буклеттер таратып жүрді.

Нәтижесінде, әділқазылардың ұзақ ақылдасуынан кейін әр түрлі бұйымдардан жасалған композиция ұсынған № 5 бөбекжай-бақшасының педагогтар ұжымына бірінші орын бұйырды. № 15 және № 54 бөбекжай-бақшаларының педагогтары екінші орынды өзара бөлісті. Хусаиновтар отбасы (№ 8 бөбекжай-бақшасы) және Мякотиндер отбасы (№ 27 бөбекжай-бақшасы)  үшінші орынды  өзара бөлісіп алды. Барлық қатысушыларға диплом табысталып, ынталандыру сыйлықтары берілді. Достық үйі мерекеге қатысқан барлық бау-бақшалардың иелеріне алғыс  білдіреді.

Мерекенің шарықтау шегі - қарбыз-қауын жарыстары. Балалар уақытпен таласып қол жұмсамай жылдамдыққа қарбыз жеп жарысты, кейін бұл әдіс ер адамдар үшін де қайталанды. Әйелдер қарбызды жылдамдыққа қасықпен жеу жарысына қатысты. Мереке қонақтары жылдамдыққа таласа жеп хош иісі аңқыған қауыннан да дәм татты.

Мықты ерлеріміз қарбыздарды көтеріп күштерін сынасты, ал балалар қарбыз тұқымдарын алысқа түкіріп, қарбызбен боулинг ойнады. Жеңімпаздар өздерімен бірге қарбыз ала кетті.

Қостанайлықтарға «арбуз-карапуз» атты сайысы ерекше ұнады. 12,4 кг және 9,3 кг салмақты қарбыздарға сәбилерінің салмағы дәл келген аналар сол қарбыздарды өздерімен ала кетті.  Бұл үшін мереке қонақтары кезекке тұрып, сәбилерінің салмағын өлшетті. Сонымен бірге, қостанайлықтар қарбыздан дайындалған смузидің дәмін татып, карвинг жасауды үйренді.

Сахнада балалар би ұжымдары да өз өнерлерін көрсетті. Сол үшін Достық үйі оларға шексіз алғысын білдіреді.

Есіңізге сала кетсек, қарбыз бен қауын мерекесі Тәжік-Өзбек мәдениетінің 15 жылдығына және Конституция күніне арналып өткізілді.  Өзбекстанда мұндай мереке жыл сайын жаз ортасында өткізіледі, себебі ол жақта қарбыз ерте піседі. Біздің аймақта қарбыздар тамыз айынның соңына қарай пісіп жетілді. Науырзым және Таран аудандары бақша шаруашылықтарының мамандары қарбыз бен қауын сұрыптарын көрмеге ұсынды. Бұл үшін оларға да мың алғыс.

Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі