Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы 1-сынып оқушыларын 1 қыркүйек-Білім күнімен құттықтап, кітап сыйлады.
Бүгін қалалық және облыстық мектептердің барлығы оқушылар үшін есіктерін айқара ашты. Әрбір мектеп партасына мектеп табалдырығын жаңа аттаған 1-сынып оқушылары отырды. Мұндай салтанатты мереке күні облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтау үшін қаланың № 8, № 115 және № 18 мектептеріне барды.
- Бірнеше жылдан соң біздің мемлекетіміз сіздер үшін жас шамалары, ұлттары, сөйлеу мәнері бойынша ерекшеленетін, бірақ сонда да бір-бірі үшін жандары жақын, қымбат адамдардан құралған бүтіндей бір үлкен сынып сынды танылу үшін бүгінде мектебіміз сіздер үшін есігін айқара ашуда. Барлығыңызға денсаулық, бақыт, оқуда табыс тілейміз! Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан сіздерге қостанайлық авторлардың қаламынан шыққан достық пен махаббат туралы ертегілерді қамтитын 30 кітапты сыйға тартқалы отырмыз. Олардың сіздер үшін өмірде пайдасы тисін, - деген тілегін жеткізді облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, қоғамдық келісім Кеңесінің төрайымы Александра Суслова.
Ол кітаптарды № 8 мектептің директорына табыстады.
Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Бибігүл Аққожина № 115 орта мектеп ұжымына құттықтау лебізін білдіріп, бірінші сынып оқушыларына 30 кітап тарту етті. Қостанай облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық тобының жетекшісіӘлімжан Бекмағамбетов № 18 мектеп-гимназиясының оқушыларын жаңа оқу жылымен құттықтап, 30 кітапты сыйға тартты.
Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы аудандық бөлімшелінің мүшелері бүгінгі мектеп линейкаларына қатысып, бірінші сынып оқушыларына кітаптар сыйлады. Қостанайлық авторлардың қаламынан шыққан 100 астам ертегі кітаптары облыс мектептеріне жол тартты.
Құрметпен
Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ